Әйгілі түрік актері Бурак Өзчивит қазақ киносына түсуге қызығушылық танытты. Бұл туралы ол Алматыға сапары барысында журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
«Мүмкіндік болса, тарихи киноға түскім келеді. Рөлді ойнау бар да, рөлді махаббатпен ойнау және бар. Мен атажұртпен түсіретін фильмдегі рөлді махаббатпен ойнар едім», — деді актер.
Ол балаларының Қазақстанда өсіп-өнгенін қалайтынын жеткізді.
«Болашақта балаларымды Алматыға алып келемін. Маған Қазақстан ұнайды. Балаларым қазір кішкентай, мен олардың шетсіз-шексіз атажұртта өскенін қалар едім», — деді актер.
Бурак Өзчивит сондай-ақ тарихты насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, түркі жұртының бай шежіресін жас ұрпаққа жеткізу жолында өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.
«Өткенімізді ұмытпауымыз керек. Жастарға, жас ұрпаққа тарихымызды түсіндіруіміз керек. Сол үшін мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», -деді ол.
Айта кетейік, Алматыда Бурак Өзчевиттің қатысуымен өткен баспасөз конференциясын RAMS QAZAQSTAN компаниясы ұйымдастырды.
Фото: Todayinfo