Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті
  • «Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті
  • ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
  • «Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған
  • Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды
  • «Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады
  • Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
  • Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 сентября
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді

Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді

6 Мамыр, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы  көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру салтанаты өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Батырдың немересі Айжан Нұрмағамбетова, әскери қызметшілер, ардагерлер, қала жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Көше атауын беру туралы бастаманы алғашқы болып Талдықорған қалалық Қарулы Күштер Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген болатын. Бұл бастама тиісті ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Атап өтсек, облыс орталығының «Шығыс» шағын ауданында орналасқан, бұрын атауы болмаған бұл көшенің ұзындығы 1,7 шақырым. Және бұл – Талдықорғанда Халық қаһарманы атағына ие адамға беріліп отырған алғашқы көше.

Мерекелік жиында алдымен көше атауы белгісі салтанатты түрде ашылды. Талдықорған әскери гарнизонының үрмелі аспаптар оркестрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, атқыштар тобы салтанатты түрде аспанға оқ атты.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың айтуынша, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің атына көше беру — Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы маңызды шараның бірі.

«Бүгінгі шара – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған барша аға буынға халықтың көрсеткен үлкен құрметі деп білемін. Сағадат Қожахметұлы – ержүрек жауынгер ғана емес, Қазақстан Қарулы Күштерінің тізгінін ұстаған мемлекет қайраткері. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Армиясының негізін қалауға бар күш-жігерін жұмсап, өлшеусіз үлес қосты. Осындай біртуар тұлғаның әскери мұрасын зерделеу, өнегелі өмірін ұрпаққа насихаттау – біздің ортақ парызымыз», — деді Б. Исабаев.

Мұнан соң сөз алған Батырдың немересі Айжан Нұрмағамбетова жиналғандарды мерекемен құттықтап, осы игі істің басы-қасынан табылған азаматтарға ризашылығын білдірді:

«Біздің атамыз бүкіл саналы ғұмырын әскери салаға арнады. Бұл – жас ұрпақ жалғастыруға тұратын және жалғастыруы тиіс өнегелі жол. Ол үшін «парыз», «міндет» деген сөздердің маңызы ерекше еді. Сондықтан да болар, оның жалғыз ұлы алғашқылардың бірі болып Чернобыль апатының зардабын жоюға аттанды. Қазір еліміздің барлық дерлік қаласында Сағадат Нұрмағанбетовтің есімімен аталатын көшелер бар деуге болады. Қайраткер тұлғаға құрмет көрсетіп, есімін ел есінде мәңгі қалдыру мақсатында бүгінгідей іс-шараны ұйымдастырғандарыңыз үшін Қорғаныс министрлігіне, облыс әкімдігіне, барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін», — деді ол.

Салтанатты жиын Жетісу облыстық Д.Рақышев атындағы филармонияның «Күреңбел» тобының орындауындағы «Отан» әнімен қорытындыланды.

Еске салсақ, Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған. 1942 жылы кеңес әскері қатарына қабылданып, Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтаған соң взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде, Одер, Шпрее өзендерiнiң бойында жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысты. 1945 жылы 21 жасында Сағадат Нұрмағанбетовке Кеңес Одағының Батыр атағы және «Алтын жұлдыз» берілді. Қазақстан Президентiнiң Жарлығымен 1991 жылы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң төрағасы, 1992 жылы Қорғаныс министрi қызметіне тағайындалды. 1994 жылы «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, №1 «Алтын Жұлдыз» табысталды. 1995 жылы Армия генералы атағымен отставкаға шығып, Қазақстан Президентiнiң кеңесшiсi болды.

Фото: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

Оқылып жатыр

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Соңғы жазбалар

«Дала өрті ауылға жеткен»: Алматы облысында үш адам тірідей жанып кетті

31 Тамыз, 2025

«Бүйрек пен асқазанға зиян»: Қытайдың құрғақ кеспесін жеген бала өліп кетті

31 Тамыз, 2025

ШЫҰ саммиті: Тоқаев қатысушыларға арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады

31 Тамыз, 2025

«Жанқош пен Клараны атып кетем»: елді әлекке салған Әнарудың әкесі ауыр қылмыс жасамақ болған

31 Тамыз, 2025

Жанжал жан қиюға жеткізді: Алматы облысында сұлу келіншек өлі күйінде табылды

31 Тамыз, 2025

«Кайрат» билеттерге қатысты қазақстандықтарға ресми үндеу жасады

31 Тамыз, 2025

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

31 Тамыз, 2025

Түркістан – Ұлы Даланың Рухани Жүрегі

31 Тамыз, 2025

«Тыр жалаңаш ояндым, ұл балаларды іздейді»: Атырауда мұғалім мектеп директорының гей болып шыққанын мәлімдеді

31 Тамыз, 2025

«Жаңа Қазақстан дегендерің осы ма?»: Асанәлі Әшімовтің көлігі көпшіліктің наразылығын тудырды

31 Тамыз, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.