Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 28-панфиловшылар атындағы парк пен оның маңайы 100 пайызға жарықтандырылды

Алматыда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 28-панфиловшылар атындағы парк пен оның маңайы 100 пайызға жарықтандырылды

6 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Алматы Қала жарық» МКК қаланың сыртқы жарығын қалпына келтіріп, жарықсыз қалған көшелерді жарықтандыру үшін көп еңбектеніп  жатыр. Сыртқы жарықты жөндеу жұмысы кезінде, 2025 жылдың 4 айында  12 мың шам ауыстырылып, 450 бағана мен 110 шақырым кабель тартылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алматы әкімінің тасырмасы бойынша, 2025 жылы жаңадан 15 мыңнан астам көше шамы қойылып, аудандардағы жарықтандыру мәселесі едәуір жақсарады. Жаяу жүргіншілер қатынайтын жерлерде, парктер мен жолдың жиегіне жаяу жүргіншілерге қауіпсіз әрі қолайлы болуы үшін 5700 аспалы шам да орнатқан. Бұдан бөлек, Алматыдағы ең белгілі 70 нысанға жарық беріп безендіру жұмысы да жоспарланып отыр.

Биыл жарықсыз қалған жерлерге тағы 1200 сыртқы жарық желісін тартуды жоспарлаған. Бұл 2024 жылғымен салыстырғанда 10 есе көп жұмыс. Жарықтандыру жүйесін жаңалаудың аясында, биылғы наурыз айында басты-басты 7 көшедегі (Әл-Фараби, Төле би, Сейфуллин, Абай, Назарбаев, Әуезов, Наурызбай батыр) ұзындығы 60 шақырымнан асатын желіні ауыстыру жұмысы басталды. Осы шаруаның аясында, 3 мыңдай көше шамы ауыстырылып, жол жиегіндегі жаяу жүргіншілерге арналған мыңнан астам бағана қоса ауыспақ. Бұл – аталған аумақтар 2 есе жарықтау болады деген сөз.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында 28 панфиловшылар атындағы парк пен оның маңайы 100 пайызға жарықпен қамтамасыз етілді.  Парктің жолы мен аллеясындағы бүлінген 45 шам пен шырақ ауысты. Армия үйінің маңына жарық беретін 11 үлкен бағана мен жаяу жүргіншілердің жолына 22 аспалы шам орнатылды. Ғимараттың қасбетіне 30 прожектор сәулет мәнерімен  жарық шашып тұр.

Алматылықтардың арыз-өтінішіне құлақ асып, (Мақатаевтан Құрманғазыға дейін) Кіші Алматы өзенін жағалай орналасқан 5 шақырымдай болатын кабель желісін ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ол жұмыс мамыр айында басталған.

Қаланың орталығындағы сыртқы жарықты жетілдіру үшін, ағаштың бұтағының арасынан тысқа шығып тұратын 4 метрлік тірек орнатылды. Жолды жаппас үшін, бұтақтарды қайта-қайта кесіп әуре болмайды енді.   Абай даңғылының бойына осындай 87, Абылай ханның бойына 181, Наурызбай батыр көшесіне 51 тірек орнатылған. Оларды алда басқа аудандарға да орнатпақ.

Қаладағы жарығы жоқ, жарық жетіспейтін көшелер де анықталып жатыр. Мәселен, Әуезов пен Байзақов көшесінде (Төле биден Гоголь көшесіне дейін, Гогольдан Райымбекке дейінгі аралық) жолдың шығыс жақ бетіне ғана жарық берілсе, жолдың жиегінде мүлдем жарық болмаған. «Алматы Қала жарықтың» күшімен осы арадағы жол мен жолдың жиегін жарықтандырып тұратын қосымша 100 шырақ қойылды.

Жетісу ауданында Үлкен Алматы өзенін жағалай 1,3 шақырым болатын жаңа желі салынып жатыр. Мамыр айының соңына таман осында 34 бағана қойылып, жарық берілмек. Бұл жерде бұрын-соңды жарық болмаған.

Дулати көшесін жағалай орналасқан көлік тұрағына 32 бағана қойылды. Мұнда да бұрыннан бері жарық болмапты.

Есентай өзенінің жағасындағы (Әл-Фарабимен қиылысқан тұсындағы) алаңқайдағы кабель желісі де қайта іске қосылды. Қала тұрғындары осы жерге жарық жетіспейтінін айтып ақпан айынан бері шағымданып келе жатқан. «Алматы Қала Жарық» жер астындағы кабельдің үзілген тұсын тауып, қайта жөндегенімен, ол ауық-ауық үзіліп қалатын. Соңында 400 метр кабель түгел ауыстырылып, тұрғындар енді жарықсыз қалмайтын болды.

Сыртқы жарықты қалпына келтіру жұмыстары аудан әкімдіктермен келісіп істеліп жатқанын айта кеткіміз келеді.

Оқылып жатыр

«Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаң»: Аида Балаева Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейімен танысты

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.