Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Польша Ресей дрондарына байланысты әуежайларын жапты

10 Қыркүйек, 2025

«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО)

10 Қыркүйек, 2025

«Салғырт қабылдады»: Талдықорғанда дәрігерлер әйелдің жатырын рұқсатсыз алып тастаған

10 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Польша Ресей дрондарына байланысты әуежайларын жапты
  • «Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО)
  • «Салғырт қабылдады»: Талдықорғанда дәрігерлер әйелдің жатырын рұқсатсыз алып тастаған
  • «Мемлекеттік терроризм»: Катар Дохаға жасалған шабуылдан кейін Израильге сес көрсетті
  • Қылмыскер қашып кеткен: Алматыда самокат мінген есерсоқ өзіне ескерту жасаған жігіттің көзін шығарды
  • «Ұрып-соғуға болады …»: Қилыбайдың экс-тоқалы Президенттің кеңесші болғысы келеді
  • «Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді
  • «Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Ақша жинау мен басшылыққа сыйлық беруден бас тартқан»: маңғыстаулық полицейлер бастығының үстінен арыз жазды

«Ақша жинау мен басшылыққа сыйлық беруден бас тартқан»: маңғыстаулық полицейлер бастығының үстінен арыз жазды

12 Мамыр, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Полиция департаментінің оқу-жаттығу ротасының қызметкерлері өз командирі, полиция майоры Мақсат Айғелдиевке қатысты ұжымдық шағым түсірген, деп хабарлайды Todayinfo inbusiness-ке сілтеме жасап.

Рапорттағы мәліметке сенсек, 2024 жылдың қарашасында Мақсат Айғелдиев қызметке тағайындалғаннан кейін бөлімшеде жаппай жұмыстан шығарулар, қысым көрсету және қызметтік әдепті бұзу жағдайлары бола бастаған.

Қызметкерлердің айтуынша, үшеуі өз еркімен жұмыстан кетуге мәжбүр болған. Тағы екеуі жұмыстан шығарылу қаупінде тұр. Бұдан бөлек жеке құрамның шамамен 80% заңсыз ақша жинаудан және басшылыққа сыйлық беруден бас тартқаны үшін қудалауға ұшыраған.

Сонымен қатар қызметкерлер біліктілік талаптарына сай келмейтін адамдардың басшылық қызметке тағайындалғанын, жиі қорлау мен ар-намысты таптау фактілері болғанын мәлімдеді. Бұл жағдайлар моральдық-психологиялық ахуалдың күрт нашарлауына әкелген.

Айғелдиев 2024 жылғы 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында себепсіз түрде Астанада болып, жұмыс орнында болмағаны айтылған. Бұл деректі «Бүркіт» базасының мәліметтері мен ұшу билеттері арқылы растауға болады.

Қызметкерлер видео, қаржылық құжаттар мен өзге де дәлелдердің бар екенін айтып, қызметтік тергеу жүргізуді сұрап, командирді ауыстыруды талап етіп отыр. Олар полициядағы қызметін жалғастыруға дайын екендерін, бірақ басшылықтың ауысуын қажет деп санайтынын жеткізді.

Жағдайға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті қызметтік тексеріс басталғанын растады.

«Келтірілген ақпаратқа жан-жақты баға беріледі. Тексеру барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомство.

Оқылып жатыр

«Мемлекеттік терроризм»: Катар Дохаға жасалған шабуылдан кейін Израильге сес көрсетті

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

«Рассрочка бар ма»: дұға сатумен айналысатын танымал блогер жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Вашингтонның визалық талабы: АҚШ-қа барғысы келетін ресейліктер Астанаға ағылатын болды

«Келеңсіз оқиғаларды жиі көруге болады»: Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынады

Соңғы жазбалар

Польша Ресей дрондарына байланысты әуежайларын жапты

10 Қыркүйек, 2025

«Розаның дәурені баяғыда бітті»: Әли Оқапов анасын сынайтындармен алысып әлек (ВИДЕО)

10 Қыркүйек, 2025

«Салғырт қабылдады»: Талдықорғанда дәрігерлер әйелдің жатырын рұқсатсыз алып тастаған

10 Қыркүйек, 2025

«Мемлекеттік терроризм»: Катар Дохаға жасалған шабуылдан кейін Израильге сес көрсетті

10 Қыркүйек, 2025

Қылмыскер қашып кеткен: Алматыда самокат мінген есерсоқ өзіне ескерту жасаған жігіттің көзін шығарды

10 Қыркүйек, 2025

«Ұрып-соғуға болады …»: Қилыбайдың экс-тоқалы Президенттің кеңесші болғысы келеді

10 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлық биліктің түбіне жетті»: наразы халық бұрынғы премьер-министрдің әйелін өлтірді

9 Қыркүйек, 2025

«Шаяхметова, Жақыпова, Бахмутова»: Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты

9 Қыркүйек, 2025

«Мені итеріп, интимді жерімнен ұстады»: Алматыда ер адам бойжеткенді аңдып, кейін оның жыныс мүшесіне қол жүгірткен (ВИДЕО)

9 Қыркүйек, 2025

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

9 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.