Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды
  • Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді
  • Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды
  • «Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды
  • Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды
  • Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді
  • Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру
  • «Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 4 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жасанды интеллект мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жасанды интеллект мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті

13 Мамыр, 2025 Астана қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында: Жаратылыстану мен математикалық ғылымдардағы жасанды интеллект мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтті.

2025 жылдың 12 мамырында Астана қаласында «2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде ел болашағы үшін маңызы зор білім беру саласындағы айтулы шара – «Жаратылыстану мен математикалық ғылымдар саласындағы жасанды интеллект: инновациялар және келешек мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараны Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұйымдастырып, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қолдау көрсетті. Іс-шара №101 мектептің базасында өтті.

Конференция мақсаты – жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының жаратылыстану және математикалық ғылымдар саласына ықпалын бағалау, білім беру жүйесіне енгізудің нақты жолдарын айқындау және педагогтер мен зерттеушілер арасында тәжірибе алмасудың кәсіби алаңын қалыптастыру.

«Мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған бұл ғылыми форум жалпы орта, техникалық және кәсіптік, арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерін, сондай-ақ ЖИ мен STEM технологияларына қызығушылық танытқан мамандарды біріктірді. Қатысушылар өздерінің ғылыми мақалаларын, баяндамаларын ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.

Пленарлық отырыста білім беру, инженерия, физика-математика және бағдарламалау салаларындағы тәжірибелі ғалымдар мен сарапшылар өз баяндамаларымен бөлісті. Атап айтқанда:
– Арман Сағатұлы Қабдушев – ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі;
– Альмир Аскарович Анияров – Астана халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры;
– Нұрсұлтан Бақтыбайұлы Өрісбай – «A’LEM» педагогикалық инновациялар орталығының директоры;
– Марлен Мәукенұлы Илипов – PhD докторы, физика және компьютерлік технологиялар маманы;
– Серғазы Ахметқұл – Amansultan білім беру платформасының даму директоры;
– Амина Құдабаева – ROQED компаниясының әдіскері;
– Александр Абасович Пащенко – Қостанай қаласындағы №7 мектептің информатика пәнінің педагог-шебері;
– Одилбек Каттаев – халықаралық сарапшы, SUNY және Westminster университеттерінің магистрі;
– Серік Амангелдіұлы Нүркенов – Астана халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры;
– Дилара Қырымқызы Құсаинова – Назарбаев Университетінің түлегі, Гарвард Жоғары білім мектебіне қабылданған, Teach for Qazaqstan менеджері;
– Ирина Сергеевна Храмей – Қостанай политехникалық жоғары колледжінің IT бойынша директор орынбасары;
– Әсет Ерікұлы Ысқақ – жетекші инженер-конструктор, инженерия магистрі;
– Ержар Сәдуақасұлы Ибышев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Баяндамаларда жасанды интеллекттің пәндік оқытудағы интеграциялық мүмкіндіктері, нақты мысалдар мен инновациялық платформалар арқылы білім сапасын арттыру жолдары қозғалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ЖИ-дің келешекте ұстаз мамандығын қалай өзгертетіні жайлы көзқарастарын ортаға салды.

Конференция пленарлық отырыстан кейін секциялық бағыттар бойынша жалғасты. Әр секцияда салалық тәжірибелер мен аймақтық ерекшеліктер ескерілген ғылыми-практикалық ұсыныстар талқыланды.

Шара соңында барлық ұсыныстар мен материалдар жинақталып, білім беру саласындағы инновациялық көзқарастар мен озық тәжірибелерді біріктіретін арнайы ғылыми жинақ ретінде жарияланатын болды.

Бұл конференция – Қазақстанда өтіп жатқан «2025 – Мамандықтар жылы» шеңберіндегі сапалы білім беру мен заманауи технологияларды біріктіру бағытындағы нақты қадамдардың бірі. Жасанды интеллектпен ұштасқан білім беру саласы – болашақ кәсіби ұрпақты даярлаудың кілті.

 

Оқылып жатыр

«Келешек мектептері»: Астанада 28 мың орынға арналған 7 жаңа мектеп ашылды

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Астанада кіші Талдыкөлді тазарту жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр

«Астана Аренада» Дженнифер Лопестің концертінің соңы экологиялық акцияға ұласты

30 тонна қымыз, 70 мың адам: Саржалдың сары қымызы – Астанада өткен республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Астана мектебінің аумағына 600 түп ағаш отырғызылды

Соңғы жазбалар

«Екіқабат кезімде ішімнен тепкен»: сахнада ән айтып тұрғанда қайын атасы ұрып жыққан келіншектің өмірі белгілі болды

3 Қыркүйек, 2025

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

3 Қыркүйек, 2025

Алматыда LVAD орнату бойынша екінші рет ота жасалды

3 Қыркүйек, 2025

«Шаңырақ құрғанын тойлатты»: Димаштың күйеу баласы көкпар беріп, елдің батасын алды

3 Қыркүйек, 2025

Шымкентте мәслихаттың бұрынғы депутатына іздеу жарияланды

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпин 12-рет ШЫҰ саммитіне төрағалық етіп, «үйлесім жолын» түсіндірді

3 Қыркүйек, 2025

Си Цзиньпиннің жаһандық басқару бастамасы: үш метафора арқылы түсіндіру

3 Қыркүйек, 2025

«Жемқорлыққа қатысы бар-жоғын тексеруге тиіспіз»: Бақытжан Базарбек Бас прокуратурадан Алматы іргесіндегі бағалы телімдерді түгендеуді талап етті

3 Қыркүйек, 2025

«Ішіп келіп аяусыз ұрды»: Тойда бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тағы да екі қонақтың зардап шеккенін айтты (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025

«Шешуші кезең»: Әскерде жарақат алған Ербаян емдеудің екінші кезеңінен өту үшін Ыстамбұлға кетті (ВИДЕО)

3 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.