Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Көкшетауда «Сарбаз күні» атты салтанатты шара өтті

14 Мамыр, 2025 Ақмола облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Көкшетау қаласында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында «Сарбаз күні» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Ақмола облысынан әскерге аттанғалы тұрған 35 жас үшін ерекше мәнге ие болды. Олар №44813 әскери бөліміндегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына мерзімді әскери қызметке жөнелтілмек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Шара жауынгерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою және бір минут үнсіздікпен басталды. Биылғы акция бірнеше маңызды тарихи даталармен тұспа-тұс келді: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы және ғалым Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл, сонымен қатар Әлия Молдағұлова мен Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығы.

Іс-шараны ашқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев жастарға жүктеліп отырған жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін біз сарбаздарымызды әскери қызметке шығарып салудамыз. Қарулы Күштер қатарында болу – үлкен абырой. Сіздер өңіріміздің намысын абыроймен қорғауға тиіссіздер. Осындай жастардың арқасында еліміздің тұрғындары бейбіт өмір сүріп, балаларын тәрбиелеп, еңбек етіп жатыр. Сіздерге қайсарлық пен ерлік тілеймін», – деді ол.

Сарбаздар әскери-техникалық мектеп курсанттарымен, 5510 әскери бөлімінің жауынгерлерімен және патриоттық клуб мүшелерімен бірге сап түзеді. Жастарға қажетті құрал-жабдықтары салынған армиялық сөмкелер салтанатты түрде табыс етілді.

Салтанатты жиынның жарқын сәттерінің бірі – «Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық ұйымының Ақмола облыстық филиалы төрағасының сөз сөйлеуі болды:

«Сағадат Нұрмағамбетовты, Рақымжан Қошқарбаевты және жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинді ұмытпаңыздар. Олар – ерлік пен Отанға адалдықтың мәңгілік үлгісі. Отан алдындағы борыштарыңды аман есен өтеп келулеріңе тілектеспін», – деді запастағы полковник.

Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары да қатысты.

«Сіздер – еліміздің қорғаушыларысыздар. Бізді тек жақсы хабармен қуантуларыңызды тілейміз. Аман-есен оралыңыздар. Біз сіздермен мақтанамыз», – деді сарбазын шығарып салып тұрған анасы Алтынай Ақшалова көз жасын жасыра алмай.

Жас жігіттер үшін бұл жауапкершілік емес, абырой саналды. Атбасарлық 19 жастағы Байбарыс Хасен өз ойымен бөлісті.

«Мен үшін Қазақстан әскерінің бір бөлшегі болу үлкен мақтаныш. Аналарымызды, балаларымызды, халқымызды қорғау біздің міндетіміз. Батырларымыздың жауынгерлік рухын сақтап, Отан алдындағы борышымды адал атқаруға дайынмын. Мен Азаматтық қорғау көпсалалы колледжін аяқтадым, әскерге өз еркіммен кетіп барамын. Қызметтен соң мамандығым бойынша – құтқарушы болып жұмыс істегім келеді», – деді ол.

Шара аясында патриоттық тәрбиенің дамуына үлес қосқан 10 ақмолалық мұғалімдер, шақыру комиссиясының қызметкерлері және қоғам белсенділері алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара соңында қатысушылар мен жас сарбаздар 35 ағаш отырғызды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығы мен Отан қорғаушыларының жаңару символы.

Оқылып жатыр

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында электрмен жабдықтау жүйесінің жай-күйі мен дамуы

Аймақтың цифрлық дамуы: стартаптар мен жасанды интеллектке басымдық

Ақмола облысында «Мерейлі отбасы – 2025» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Соңғы жазбалар

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.