Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматыда әкімнің тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жөнделіп жатыр

Алматыда әкімнің тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жөнделіп жатыр

15 Мамыр, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматының Алмалы ауданында әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл 56 аула көріктендірілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда Панфилов көшесі, 30; Шагабутдинов көшесі, 30; Төле би көшесі, 160; Қабанбай батыр көшесі, 91 және Шәріпов көшесі, 68 мекенжайларындағы бес ауланың жұмысы аяқталды. Мұнда ойын және спорт алаңдары жаңартылып, резеңке жабын төселді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Шәріпов көшесі, 68 мекенжайында тұрғындардың өтініші бойынша спорт алаңына үлкен қалқа орнатылды.

«Спорт алаңының көркейтілгеніне қуаныштымын, үлкен қалқа орнатылды, бұл ашық ауада спортпен айналысатындарға ыңғайлы. Күн сәулесі мен жаңбырдан жақсы қорғаныс. Мен үстел теннисін жиі ойнаймын немесе көшедегі жаттығу құрылғыларында жаттығамын. Енді бәрі жақын, жаттығу жасағанда ыңғайлы, жақсы болды. Біздің аулалар белсенді демалыс пен араласуға арналған орынға айналып жатқанына қуаныштымыз», – деді аудан тұрғыны Медет Ахметов.

2025 жылы «ХҚБ» бағдарламасы аясында аудан бойынша барлығы 45 жоба жүзеге асырылады. Көркейту жұмыстары биыл сәуір мен қазан айлары аралығында жүргізіледі.

Қауіпсіз әрі тиімді тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында 7 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұл үйлердің шатыры, қасбеті және инженерлік желілері жаңартылады. Сонымен қатар, 5 көпқабатты үйде жеделсаты жабдықтары ауыстырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 11 көпқабатты тұрғын үйде 18 жеделсаты жабдығы жаңартылып, 7 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сондай-ақ, 2024 жылы аудан бойынша «ХҚБ» аясында 52 жоба іске асырылып, қосымша 23 аула аумағында ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Жалпы, соңғы үш жылда Алматыда 938 жоба жүзеге асырылған.

Оқылып жатыр

«Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетін шетелге паш ететін алаң»: Аида Балаева Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейімен танысты

Алматыда негізгі көшелердің жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы метросы «Алтын орда» базарына қарай дамиды

Алматы әкімі оқушыларды Білім күнімен құттықтап, жаңа мектептер ашты

МӘМС: Алматыда жыл басынан бері 19 мыңнан астам бала дүниеге келді

Дархан Сатыбалдының тың жобасы: Алматыда УЕФА-ның төртінші санатына сай алып стадион салынады

Соңғы жазбалар

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Ұлттық мұраға сапар: Зейнолла Сәнік ізімен

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.