Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Абай – әлемдік деңгейдегі тұлға»: Президенттің құттықтауын Әшімбаев оқып берді

10 Тамыз, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды todayinfo.kz

Мерейтой барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

Мемлекет басшысының құттықтауында Абай әлемдік ауқымдағы ғұлама екеніне және оның рухани мұрасы келер ұрпақ үшін де өзекті болып қала беретініне баса мән берілген.

Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетамымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды, – делінген Президенттің құттықтау хатында.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде кейінгі жылдарда Мемлекет басшысының бастамасымен Абай мұрасы елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де кеңінен насихатталып жатқанын айтты. Ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы – бүкіл ел үшін маңызды рухани оқиға. Бұл ауқымды іс-шара халқымыздың парасат биігіне, адамгершілік құндылықтарға және ұлттық бірегейлікке деген ұмтылысының жарқын көрінісі екені анық.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлы ойшылды жан-жақты ұлықтауға үнемі баса мән беріп келеді. Соңғы жылдарда Абай мұрасын кеңінен дәріптеу үшін көптеген жұмыс атқарылды. Мемлекет басшысының бастамасымен ресми түрде 10 тамыз – Абай күні болып бекітілді. Абай шығармалары әлемнің негізгі тілдеріне аударылды. Осы ретте Президентіміздің тапсырмасымен Алматыда Абай ұлттық мектебі бой көтеріп жатқанын да атап өткен жөн. Бұл бірегей білім ордасы қазақ зиялыларының жаңа буынын қалыптастыруға қызмет етпек. Сондай-ақ ұлы ойшыл бізге «Толық адам» тұжырымдамасын өсиет етті. Қазіргі таңда Абайдың бұл идеясы мемлекеттік саясатымыздың негізгі өзегіне айналып отыр. Мемлекет басшысы жариялаған «Адал азамат» тұжырымдамасы осы негізге табан тірейді. Президентіміз «Ұлттық құрылтайда» белгілеп берген озық ойлы ұлтқа тән қасиеттер де ғұламаның өсиеттерімен үндес. Осындай іс-шараларды Абайға тағзым ету ғана емес, оның ойларын заманауи тұрғыда жаңаша түсініп, өмірде жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік деп қабылдаймыз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата Спикері мерейлі дата аясында халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шара өткізіліп жатқанын тілге тиек етті. Олардың қатарында айтыс, ұлттық өнер фестивалі және тағы басқа іргелі жобалар бар. Абай мұрасына арналған «ABAY ACADEMIYASY» алғашқы энциклопедиялық порталы іске қосылып, Семейде инклюзивті кітапхана да ашылды. Бұл ақын өнегесін барлық санатта дәріптеу жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.

Сенат Төрағасы өңірге сапары барысында Абай мен Шәкәрімнің кесенелерін зиярат етіп, Қарауыл ауылында ақын ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Ойшылдың мерейтойы Абай облысында ұлттық деңгейдегі мәдени оқиғаға айналып, оған 15 елден келген делегация өкілдері, зиялы қауым, жастар мен қоғам қайраткерлері, барлығы 30 мыңнан астам адам қатысты.

Фото: baq.kz/ А.Байжұманов

Абай Құнанбайұлы Мәулен Әшімбаев құттықтау

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Соңғы жазбалар

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.