Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Астанада «Шабыт» ХХVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті

18 Қараша, 2025

Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады

18 Қараша, 2025

«Заң мен тәртіп»: Астанада оқушыларды нашақорлықтан сақтандыратын спектакль қойылды

18 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанада «Шабыт» ХХVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті
  • Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады
  • «Заң мен тәртіп»: Астанада оқушыларды нашақорлықтан сақтандыратын спектакль қойылды
  • Белгілі белсенді Парламентті ЛГБТ-қозғалысының қысымына берілмеуге шақырды (ВИДЕО)
  • Алматы әкімдігінің қолдауымен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр
  • Абай еліндегі ежелгі қоныс өндірістік аймағы бар ірі протоқалалық орталық болғаны анықталды
  • Түрксіб ауданында тұрғындар таңдаған 32 жоба іске асты
  • «Басшының көзіне түсем деген көтерем ой»: белгілі журналист трагедиядан ұпай жинамақ болған шенділерді сынға алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Абай еліндегі ежелгі қоныс өндірістік аймағы бар ірі протоқалалық орталық болғаны анықталды

Абай еліндегі ежелгі қоныс өндірістік аймағы бар ірі протоқалалық орталық болғаны анықталды

18 Қараша, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Naked Science

Тарих оқулықтары бойынша, қола дәуірінде қазақ даласында аз ғана тайпалар мал соңында көшіп жүрген деп есептелетін. Алайда 2000-жылдардың басында бұл аумақта ірі үйлердің қалдықтары бар ежелгі қоныс табылды. Бұл жаңалық ғалымдарға даладағы өмір әлдеқайда күрделі, ұйымдасқан әрі дамыған болғанын аңғартты. Халықаралық зерттеу тобы қонысты қайта зерттеп, оның аймақтағы ең ірі протоқалалық орталықтардың бірі болғанын, әрі көлемді қалайы-қола өндіретін өнеркәсіптік аймаққа ие болғанын анықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы Naked Science cайтына сілтеме жасап. 

Қола дәуіріндегі өркениеттер картасы ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз көрінетін. Ғалымдардың назарында ежелгі Египет, минойлық Крит сарайлары, Қытайдағы Шан және Чжоу әулеттері, Месопотамияның қала-мемлекеттері болды. Олар алып құрылыстар, жазу жүйесі және күрделі өнер туындыларын қалдырды.
Ал Орталық Азия даласы осы өркениеттердің көлеңкесінде «шет аймақ» ретінде сипатталатын. Тарихшылар оны негізінен малшылықпен айналысқан көшпелі тайпалар мекені деп санады. Бұл халық уақытша тұрғын үйлер — киіз үйлерде өмір сүрді, ал олардың мәдениеті ежелгі әлемнің дамыған орталықтарымен салыстыруға келмейді деп есептелді. Далалық тайпалар ірі қоныстар мен күрделі қоғамдық құрылымды қалыптастыруға қабілетсіз, оқшау қауымдар ретінде қарастырылды.

2000 жылдары Абай облысы Бесқарағай ауданында, Ертістің биік жайылмасында археологтар Семиярка қонысын тапты. Ол өз уақыты үшін өте көлемді болатын: онда біздің дәуірімізге дейінгі II мыңжылдыққа жататын көптеген тұрғын үйлер табылды, ал аумағы кемінде 67 гектар деп бағаланды. Ғалымдардың пікірінше, мұнда бірнеше мың адам өмір сүрген болуы мүмкін.

Археологтар қоныс ішінде ерекше архитектуралық нысан тапқаннан кейін, Семиярканың әкімшілік немесе мәдени орталық болғанын болжады. Өлшемі шамамен 50×60 метр бұл ғимарат тұрмыстық үйлерден бірден ерекшеленеді. Онда діни жоралғылар, ақсақалдар кеңесі өткізіліп, жергілікті басшының резиденциясы болған болуы ықтимал. Бұл қоныста күрделі қоғамдық иерархия мен басқарушы элитаның болғанын көрсетеді.

2016 жылдан бастап Семиярка аумағында жан-жақты картографиялау және зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ұлыбританиядағы Лондон университеттік колледжінің ғалымы Мильяна Радивоевич жетекшілік ететін халықаралық топ қоныс жөніндегі зерттеудің бір кезеңін аяқтап, нәтижелерін Antiquity журналында жариялады.

Геофизикалық талдау мен материалдарды зерттеу қоныс бұрын ойлағаннан да ірі болғанын көрсетті — шамамен 140 гектар, яғни алдыңғы ғылыми еңбектердегі болжамнан екі есе үлкен.
Семиярканың жоспарлануы нақты әрі жүйелі: кварталдардың түзу сызықтары қоныстың әр бөлігінің бір уақытта, бір жобамен салынғанын білдіреді.

Қоныстың айналасында ұзын топырақ дуалдар орналасқан, олар қорғаныс қызметін атқарған. Ішкі аумақта кемінде 20 жеке үй-жай кешені анықталды. Әр кешен өзіндік аумақпен қоршалған болуы мүмкін. Тұрғын үйлер берік материалдардан — мысалы, шикі кірпіштен салынған.

Зерттеу барысында 114-тен астам керамикалық ыдыс сынығы жиналды. Оның 85 пайызы б.з.д. 1500–1100 жж. аралығында өмір сүрген алексеев–сарғарин мәдениетіне жатады. Қалған бөлігі одан бұрынғы — шамамен б.з.д. 1600–1250 жж. өмір сүрген черкаскүл мәдениетіне тиесілі.

Алайда ең сенсациялық жаңалық — көлемді металлургиялық ауданның табылуы. Онда көптеген металл балқыту құтылары, шлак және дайын қола бұйымдары анықталды. Сараптама жергілікті шеберлердің қалайылы қола өндіргенін көрсетті. Бұл — жай тұрмыстық шеберхана емес, нағыз өндірістік аймақ болған.

Шлактың химиялық құрамын талдау оның Алтай тауындағы қалайы кен орындарымен сәйкес келетінін көрсетті. Бұл кен орындары Семияркадан 300 км қашықтықта, қазіргі Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан. Демек, ол дәуірде бұл қашықтық шеберлерге кедергі болмаған.

Ғалымдардың пікірінше, қалайы Ертіс бойымен немесе дала арқылы өткен керуендермен жеткізілген. Сонымен қатар өзеннің маусымдық тасуы нәтижесінде жайылмада қалайы рудасының бөлшектері қалып, жергілікті халық оны қарапайым шаю әдісімен ала алған болуы да мүмкін.

Радивоевич Семиярканың қолайлы орналасуы мен ресурстарды бақылауы оны аймақтағы экономикалық хабқа айналдырған деп санайды. Бұл орталық Орталық Азияны Қытай, Сібір және Еуропамен байланыстырған ауқымды сауда және технологиялық желінің түйінінде тұрған. Дәл осы жерде тауар айналымы, технология алмасуы және аймақтық билік қалыптасқан.

Ертіс бойындағы көне көлік дәлізі кейінірек Ұлы Жібек жолының негізін қалаған. Зерттеушілер мұны адамзат тарихындағы алғашқы, бұрын белгісіз болған жаһандану толқыны деп атайды.

Ғалымдар Семияркадағы қазба жұмыстарын жалғастырады. Алда бұл қоныс тағы да көп жаңалық сыйлауы мүмкін.

Абай облысы протоқалалық орталық Тарих

Оқылып жатыр

Түркістан облысында жеке үй өртеніп 12 адам қаза тапты

Қазақстанда онлайн-казиноны насихаттаған блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанның Өзбекстанға салатын инвестициясын одан әрі ынталандыруға ниеттіміз — Мемлекет басшысы

Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?

Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

Соңғы жазбалар

Астанада «Шабыт» ХХVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті

18 Қараша, 2025

Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады

18 Қараша, 2025

«Заң мен тәртіп»: Астанада оқушыларды нашақорлықтан сақтандыратын спектакль қойылды

18 Қараша, 2025

Белгілі белсенді Парламентті ЛГБТ-қозғалысының қысымына берілмеуге шақырды (ВИДЕО)

18 Қараша, 2025

Алматы әкімдігінің қолдауымен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

18 Қараша, 2025

Абай еліндегі ежелгі қоныс өндірістік аймағы бар ірі протоқалалық орталық болғаны анықталды

18 Қараша, 2025

Түрксіб ауданында тұрғындар таңдаған 32 жоба іске асты

18 Қараша, 2025

«Басшының көзіне түсем деген көтерем ой»: белгілі журналист трагедиядан ұпай жинамақ болған шенділерді сынға алды

18 Қараша, 2025

«Жапонияны артта қалдырдық»: Қазақстан интернет жылдамдығында жақсы көрсеткішке ие болды

18 Қараша, 2025

Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды

18 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.