Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • «Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді
  • «Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған
  • «Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды
  • Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Абай облысы мен Шыңжаң арасында жаңа ынтымақтастық кезеңі басталды

19 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесіне ресми сапармен барып, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту бағытында маңызды кездесу өткізді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды. Делегация құрамында мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен білім саласының өкілдері болды. Айта кетейік, 100-ден астам адамды құраған делегация ҚХР Шыңжаң өлкесіне келген ең ауқымды іскерлік сапар болып отыр.

Өңіраралық байланыс – стратегиялық маңызы бар бағыт

Қытайдың Алтай қаласында өткен кездесуге Шығыс Қазақстан мен Жетісу облыстарының делегациялары да қатысты. Жиынды Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ол шекаралас аймақтар арасындағы серіктестікті кеңейтуге толық дайын екенін білдірді.

Абай облысының мүмкіндіктері мен ұсыныстары

Өз сөзінде облыс әкімі Берік Уәли Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы достық байланысты негізге ала отырып, өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін мәлімдеді. Ол Абай облысының Қытай мен Ресейге шекаралас, халықаралық көлік дәліздеріне ашық аймақ ретінде географиялық артықшылығын, көлік-логистикалық әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.

2024 жылы облыстың сыртқы сауда айналымының 89 пайызы Қытаймен жүргізілген. Экспорт көлемі 2,1 миллиард АҚШ долларына жетіп, бір жыл ішінде бес есе артқаны – екіжақты сауданың өсіп келе жатқанын дәлелдейді.

Ірі жобалар мен жаңа бастамалар

Шыңжаң партия комитетінің оң жағына жайғасқан Берік Уәли Қытай инвестициясымен іске асып жатқан төрт ірі жобаны атап өтті:

  • Құны 1,5 млрд доллар болатын мыс балқыту зауыты,

  • 30,4 млн долларлық ағаш өңдеу комбинаты,

  • 250 млн доллар тұратын көмір-химия кешені,

  • 107 млн долларлық жел электр станциясы.

Бұл жобалар Абай облысының өндірістік-индустриялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, технологиялық жаңғыруға серпін бермек.

Логистика, ғылым және көлік қатынасы

Өңір басшысы қос ел арасындағы көлік қатынасын арттыру мақсатында “Семей – Үрімші” және “Семей – Шәуешек” бағыттары бойынша тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынды. Сонымен қатар, «Аягөз-Тачен» темір жол желісін іске қосу өңір экономикасына оң әсер ететіні айтылды.

Курчатов қаласының ғылыми әлеуетіне тоқталған әкім, Шыңжаңдағы технологиялық орталықтармен бірлескен ғылыми жобалар жүргізуге дайын екенін білдірді. Бұл білім, ғылым, инновация салаларындағы интеграцияны күшейтуге жол ашады.

Берік Уәли кездесудің өңіраралық байланыстарға жаңа серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Абай облысы Қытай, Ресей және Орталық Азияны жалғайтын логистикалық хаб ретінде қалыптасуға барлық мүмкіндікке ие. Облыс әкімі Ма Синжуйді ресми сапармен Абай облысына шақырды.

Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің партия комитетінің хатшысы бұл ұсынысты қолдап, Қазақстанға ресми сапары аясында Абай облысына баруға дайын екенін білдірді.

Абай облысы Аягөз-Тачен темір жолы Берік Уәли Ма Синжуй Семей – Үрімші рейсі сыртқы сауда шекаралық сауда Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі Қазақстан-Қытай қатынастары Қытай инвестициясы өңіраралық ынтымақтастық

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025

«Интеллектуалы төмен журналист»: ресейлік пропагандисті жақтап, миллионер еркекке тиген Динара Сәтжан сынға қалды

14 Қазан, 2025

Талғардағы трагедиялардан кейін жаңа прокурор тағайындалды

14 Қазан, 2025

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы мектепте босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.