Өңір әкімі Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесіп, Түркиялық «Miryidiz Mining» компаниясының инвестиция көлемі 482 миллион АҚШ долларын құрайтын «Жанан» жобасымен танысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Шет елдік компания облыс аумағында тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр. Инвесторлар өткен жылы облысқа заңды тұлға ретінде тіркелген.
«Бұл – біздің облыс үшін үлкен инвестиция. Жоба жүзеге асқанда 2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңірге әлеуметтік нысандар салуға шақырамыз. Біз сіздерді барлық жағынан қолдауға дайынбыз. Құжат рәсімдеуге байланысты кедергілерді шешу жолдарын қарастырамыз. Көмектесеміз»,- деді облыс әкімі Берік Уәли,