Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города
  • Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
  • Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді
  • Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
  • Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
  • «Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді
  • Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды
  • Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 1 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Семейде Парламент Сенатының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, Парламент Сенатының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Бектаев, Парламент Сенатының депутаттары, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрлерінің орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының өкілі, мәслихат депутаттары, облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

Отырыста сөз сөйлеген аймақ басшысы алқалы жиынның өңір үшін маңызды екенін атап өтті.

«Президентіміз биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге назар аударды. Биылғы 9 айда облыстың мал шаруашылығында нақты көлем индексі 105 % деңгейінде қалыптасып отыр. Жаңасемей ауданында құны 7,7 млрд теңгеге ірі ет комбинатының құрылысы жүргізілуде. 2026 жылдың тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін береді деген сенімдеміз. 2028 жылға дейін облысымызда ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды іске асыру Жол картасына сәйкес 22 ірі агрожоба іске асырылып, 500-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сонымен қатар, ауылдарды дамытуға біз әрдайым жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Облыс құрылған 3 жыл ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы құны 21,2 млрд теңгені құрайтын 191 жоба жүзеге асырылды», — деді облыс әкімі.

Парламент Сенатының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Бектаев Абай облысының ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор екенін айтты.

«Өңірдің ауыл шаруашылығында тұрақты өсу байқалады. Тоғыз айда 339,5 млрд теңгеге өнім өндірілді. Ет кластерін, сүт фермаларын құруды, құс шаруашылығы мен суаруды дамытуды қамтитын АӨК-ні 2028 жылға дейін дамыту моделі әзірленді. Дегенмен, қазіргі таңда облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде шешуді қажет ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігі басқа өңірмен салыстырғанда төмен және суармалы жерлердің үлесі жеткіліксіз. Ауылдық инфрақұрылымның дамуы мен жол, байланыс, интернет желісінің қолжетімділігі де өңірдің бәсекеге қабілеттілігін тежеп отыр. Осы мәселелерді талқылап, тиісті шешімін табу үшін бүгін біз барлық мүдделі тараптарды – Парламент депутаттарын, Орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы орган өкілдерін, сарапшыларды, фермерлер мен қайта өңдеуші кәсіпкерлерді бір алаңда жинадық», — деді ол.

Отырыста өңірдің ауыл шаруашылығы саласы, ауылдардың жағдайы мен даму әлеуеті талқыланды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының бағдарлама үйлестірушісі Жаңыл Бозаева және облыстың жетекші шаруа қожалықтарының басшылары баяндама жасады. Көшпелі отырыс қорытындысында барлық ұсыныстар мен шешімдер жинақталып, Үкіметке жолданады.

Шара соңында өңірдің үздік шаруаларына Парламент Сенатының төрағасы мен Парламент Сенатының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің Алғыс хаты тапсырылды.

Оқылып жатыр

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Соңғы жазбалар

Дархан Сатыбалды проверил архитектурно-декоративное освещение города

1 Қараша, 2025

Қостанайдағы арнайы операция: Такси қызметін жамылған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

1 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды қаланың сәулеттік-сәндік жарықтандыруын тексерді

1 Қараша, 2025

Атыраудағы қайғылы оқиға: Шенеунік өзін-өзі атып өлтірді

1 Қараша, 2025

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

1 Қараша, 2025

«Жасырын есіктен кірген»: Оралда кішкентай қызды балабақша иесі зорлаған деген күдікке ілінді

1 Қараша, 2025

Орал қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа техникалардың кілттері табысталды

31 Қазан, 2025

Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

31 Қазан, 2025

«Түнде балама, күндіз анама қарап…»: Айнұр Тұрсынбаева ештеңеге үлгермей жүргенін айтты

31 Қазан, 2025

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

31 Қазан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.