Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
  • «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
  • «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
  • «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
  • Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
  • «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
  • «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
  • «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Абай облысында алғаш рет «Руханият-2025» сыйлығы табысталды

22 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Семейде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында өңір мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жандарға «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Ерекше атап өтерлігі, аймақ өнерпаздарына алғаш рет Абай облысы әкімінің «Руханият-2025» сыйлығы табысталды.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұжымы мен Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің музей-үйінің меңгерушісі Шағжан Исабаевты жоғары жетістіктерімен құттықтады. Шағжан Исабаев Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденін кеудесіне тақса, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана Астанада өткен республикалық «Рухани қазына – 2025» фестивалі аясында «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» атағын иеленіп, бүкіл еліміздегі кітапханалар ішінде гран-при жеңіп алды.

«Бұл биылғы Ұлы Абайдың 180 жылдығы қарсаңында біздің өңірдің өнері мен мәдениетіне көрсетілген мәртебелі марапат, зор құрмет. Семей топырағы — әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен өлеңнің туын көтерген тау тұлғаларды тудырған, киелі мекен», — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы облыстың өнерін өрлетуге үлес қосып жүрген жандарды 18 аталым бойынша марапаттады. Өнерпаздар мен мәдениет ұжымдарына «Жылдың үздік театр әртісі», «Үздік музыкалық ұжым», «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік композиторы», «Үздік дәстүрлі өнерпаз», «Үздік мәдениет мекемесі», «Үздік музей қызметкері», «Жылдың үздік кітапханашысы», «Жылдың үздік кеш жүргізушісі», «Үздік мәдениет маманы», «Үздік қолөнер шебері» «Үздік халықтық шығармашылық ұжым», «Мәдениет майталманы», «Үздік орындаушы», «Үздік би өнері», «Үздік аспапта орындаушы» аталымдары тапсырылды.

Бүгінде облысымызда 296 мәдениет нысаны, оның ішінде 137 кітапхана, 131 клуб, 10 музей, 9 архив, 1 театр, 1 филармония және бірқатар мәдени орталықтар халыққа рухани қызмет көрсетуде. Бұл мекемелерде 3000-нан астам маман қызмет атқарады.

Облыс әкімі өңірдегі мәдениет нысандары кезең-кезеңімен жаңғыртылатын атап өтті.

Қазіргі уақытта Қарауыл ауылындағы мәдениет үйі жөнделіп, көрермен залы жаңартылуда. Ақсуатта жаңа мәдениет үйінің жобасы дайындалып жатыр. Мақаншыдағы «Інжу-Маржан» ансамбліне аспаптар мен сахналық киім алуға қаржы бөлінді. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 30 ауылдық кітапхана жаңғыртылады. Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Жидебай-Бөрілі музейі, Абай театры мен кітапханасы, сондай-ақ Достоевский және Невзоровтар музейлерінде жөндеу жұмыстары басталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ұлы Абайдың 180 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында облыс орталығында жаңадан бой көтеретін шағын ауданда театр, облыстық орталық кітапхана, шығармашылық сарайы, өлкетану мұражайы, көрме орталығы, музыкалық мектеп сияқты мәдени нысандар салынатын болады. Мәдениет – тек естелік емес, ол – әрекет. Біз мәдениетімізді сақтап қана қоймай, оны дамытамыз, жаңғыртамыз. Бұл бағытта қабылданған әрбір шешім – өңір болашағына жасалған инвестиция. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын», — деді аймақ басшысы.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?

16 Қазан, 2025

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

16 Қазан, 2025

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты

16 Қазан, 2025

«3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр

16 Қазан, 2025

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді

16 Қазан, 2025

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

16 Қазан, 2025

«Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында

16 Қазан, 2025

«Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды

16 Қазан, 2025

«Ренжімеңдер ертең, сендер ғана ақша бермедіңдер»: Талғардан тағы да шу шықты

16 Қазан, 2025

«Орталық Азияның логистикалық жобалары жабылуы мүмкін»: Пәкістан —Ауғанстан соғысының шығу себебі мен тигізер зардабына талдау

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.