Абай облысының 34 жастағы тұрғыны Гүлнәр Қайратқызы босануға өз аяғымен перзентханаға барғанымен, бірнеше күннен кейін нәрестесімен бірге қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Перзентханадағы оқиға
Марқұмның күйеуінің айтуынша, әйелінің жағдайы бастапқыда жақсы болған. Алайда екі-үш күн өткен соң ана мен сәбиі белгісіз себептермен көз жұмды.
Оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін арнайы комиссия құрылып, ауруханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.
Жауапты тұлғаларға шара қолданылды
Тексеру қорытындысы бойынша:
Бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланды.
Оның орынбасарлары қызметінен босатылды.
Оқиғаға қатысы бар дәрігерлер жұмыстан уақытша шеттетілді.
Сараптама қорытындысы
Медициналық сараптама нәтижесінде, мойынға жасалған инъекциядан қан тамыры зақымдалып, іштей қан кету орын алғаны анықталды. Бұл жағдай ана мен баланың өліміне себеп болған.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.