Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Ақмола облысында жол құрылысы қарқыны артты: 150 жоба жүзеге асты

23 Қараша, 2025

«3 спортшы автобусқа сыймай қалған»: қыршын кеткен боксшының бауыры үндеу жасады

23 Қараша, 2025

45 млн теңгеге дейін ақша алған: Ақмолада 179 адамды алдаған әйелге үкім шықты

23 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында жол құрылысы қарқыны артты: 150 жоба жүзеге асты
  • «3 спортшы автобусқа сыймай қалған»: қыршын кеткен боксшының бауыры үндеу жасады
  • 45 млн теңгеге дейін ақша алған: Ақмолада 179 адамды алдаған әйелге үкім шықты
  • Қазақстанда 400-ден аса процедура кабинеті заңсыз жұмыс істеген
  • Қазақстанның 6 әуежайы жекеменшікке беріледі
  • «Жабылып қолы мен мұрнын сындырған»: Мұқасан Шахзадаев жас әншіні ұрып-соққан
  • 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ақша белгілерін айырбастаудың жаңа нормалары енгізіледі
  • ШҚО полицейлеріне 198 жаңа қызметтік автокөлік берілді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 23 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

21 Қараша, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты шарасы аясында өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды, деп хабарлайды Todayinfo.

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесінде құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли аймақтың ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында сөйлеген сөзінде «Жалпы, мемлекет пен бизнес ауылдағы барлық мәселені бірлесіп шешуі керек. Агроөнеркәсіппен айналысу үшін ауылға келген жас кәсіпкерлерді бағалаймын. Мемлекет те сіздердің еңбектеріңізді ұмыт қалдырмайды. Жауапкершілігі мол кәсіпкерлер мен инвесторлар ғана елдегі оң өзгерістердің нағыз көшбасшысы бола алады. Мемлекет сіздерге жан-жақты қолдау көрсетіп, лайықты бағалайды» деп айрықша атап өткен болатын. Абай облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Осы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 404,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,8 пайызға жетті. Мал шаруашылығында 105,2 пайыз өсім болса, қайта өңдеу саласында жаңа зауыттар іске қосылып, техника паркі жаңартылуда. Бұл бағытта 15 млрд теңгеден астам субсидия және жеңілдетілген несиелер берілді, 446 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасалды. Бұл жетістіктер – Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауы және Сіздердің маңдай теріңіздің, қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Ауыл еңбеккерлерінің күнделікті еңбегі облыс тұрғындарын сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Сіздерге шын жүректен алғысымды білдіре отырып, еңбектеріңізге мол табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», – деді аймақ басшысы.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 10 айда 112,5 мың тонна ет (5,2% өсім) және 275,2 мың тонна сүт (6,2% өсім) өндірілді. Биыл өңірде 349 мың тонна астық, 258 мың тонна картоп пен көкөніс, 502,9 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Облыстың ауыл шаруашылығы саласына жыл басынан бері 45,9 млрд теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 12,8 млрд теңге болатын 8 инвестициялық жоба іске қосылды.

Мерекелік шара барысында ауыл шаруашылығында еңбегімен ерекшеленген жандарға мемлекеттік және салалық марапаттар тапсырылды. «Ай-Ар» ЖШС басшысы Ербол Қабдрахманов, «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС директоры Балтабек Наурызбаев «Құрмет» орденімен марапатталды. «Арай East Food» ЖШС бас технологы Людмила Балашова, «Көкжыра» өндірістік кооперативінің төрағасы Нұрлан Марқабаев (Ақсуат ауданы), «Жасмин» шаруа қожалығының басшысы Евгений Жбратов (Бородулиха ауданы), «BA AgroGroup» ЖШС механизаторы Мұхамедхан Асанбеков (Бесқарағай ауданы), «Саду» шаруа қожалығының басшысы Серік Мырзабеков (Жаңасемей ауданы) III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін алды. Еңбек адамдары мен сала үздіктеріне «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталары берілді.

Ерекше атап өтерлігі, биыл алғаш рет ауыл шаруашылығы саласының озаттарына 10 автокөліктің кілті сыйға тартылды. Олар «Үздік шопан», «Үздік зоотехник», «Үздік механизатор», «Үздік комбайншы», «Үздік бақташы», «Үздік агроном», «Үздік диқаншы», «Үздік жас маман», «Үздік технолог», «Үздік тракторшы» сияқты номинациялар бойынша анықталды.

Облыс әкімі салтанатты шара аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалап, өңірдің ірі және шағын кәсіпорындары ұсынған өнімдермен танысты.

Оқылып жатыр

Мақаншы ауданында жаңа медициналық-фельдшерлік пункт ашылды

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды

Абай еліндегі ежелгі қоныс өндірістік аймағы бар ірі протоқалалық орталық болғаны анықталды

Қытайдан қорқудың қажеті жоқ. Неге?

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында жол құрылысы қарқыны артты: 150 жоба жүзеге асты

23 Қараша, 2025

«3 спортшы автобусқа сыймай қалған»: қыршын кеткен боксшының бауыры үндеу жасады

23 Қараша, 2025

45 млн теңгеге дейін ақша алған: Ақмолада 179 адамды алдаған әйелге үкім шықты

23 Қараша, 2025

Қазақстанда 400-ден аса процедура кабинеті заңсыз жұмыс істеген

23 Қараша, 2025

Қазақстанның 6 әуежайы жекеменшікке беріледі

23 Қараша, 2025

«Жабылып қолы мен мұрнын сындырған»: Мұқасан Шахзадаев жас әншіні ұрып-соққан

23 Қараша, 2025

1 қаңтардан бастап Қазақстанда ақша белгілерін айырбастаудың жаңа нормалары енгізіледі

23 Қараша, 2025

ШҚО полицейлеріне 198 жаңа қызметтік автокөлік берілді

22 Қараша, 2025

Мақаншы ауданында жаңа медициналық-фельдшерлік пункт ашылды

22 Қараша, 2025

Абай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне мерзімінен бұрын қайтарылды

22 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.