Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды
  • 3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді
  • «Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді
  • Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр
  • «Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)
  • Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр
  • Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 11 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

11 Қараша, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысы ежелден ауыл шаруашылығына бейімделген өңір. Мемлекет басшысы Жолдауында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге нақты тапсырмалар берді. Осылай деген өңір әкімі Берік Уәли алдағы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімін екі есе арттыру және саладағы еңбек өнімділігін үш есе ұлғайту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Todayinfo. 

Биылғы 9 айда облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 339,5 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,8%-ды көрсетті. Оның ішінде мал шаруашылығының өнімдері 209,7 млрд теңгеге өндіріліп, 105% өсім тіркелді. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында салаға 15,1 млрд теңге субсидия бөлінді: өсімдік шаруашылығын дамытуға – 2,5 млрд, мал шаруашылығына – 4,8 млрд, қаржы құралдарын субсидиялау және қайта өңдеу саласына – 7,8 млрд теңге.

«Кең Дала» бағдарламасымен облыстың 202 шаруасына көктемгі егіс пен күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге жеңілдетілген 5%-бен 9,5 млрд теңге қаражат берілді. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде 9 айда 101 мың тонна ет (5%-ға өсім) және 248,4 мың тонна сүт (6%-ға өсім) өндірілді», – деді Берік Уәли.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту аясында 13,5 млрд теңгеге 446 бірлік заманауи техника алынған, техника паркін жаңарту деңгейі 5,1%-ға жетті. «Бұл көктемгі егіс пен егін жинау кезеңіндегі еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді», – деді әкім. Егін жинау жұмыстары 782,1 мың га алаңда жүргізілді.

Дәнді дақылдар алқабы 12 мың гектарға қысқарғанымен, майлы дақылдар алқабы өткен жылмен салыстырғанда 42,5 мың гектарға ұлғайды. Облыстағы 113,4 мың гектар суармалы жердің 31,6 мыңы пайдаланылып отыр, ал су үнемдейтін технология қолданылатын алаң 22,1 мың га-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,3 мың га артты.

«Суармалы жерлерді тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен өнімділіктің артуына негізгі фактор», – деді Берік Уәли.

Республикалық Кешенді жоспар аясында облыста 6 су қоймасы салынып, 10 гидротехникалық құрылыс жүргізіледі, 17 ирригациялық жүйе жаңартылады. Жобалар нәтижесінде 31 мың гектар жаңа суармалы жер енгізіліп, 180 млн текше су жинақталады, 181 шақырым магистральдық арналар жөнделеді, өнімділік 16 центнерден 27 центнерге дейін артады. Ертіс өзенінің гидропотенциалын пайдалану арқылы қосымша 70 мың гектар суармалы жер алынып, жалпы көлемі 214 мың гектарға жетеді.

Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту арқылы облыстың экономикалық дамуы жеделдетілуде. Жаңасемей ауданында «ЕвразияАгроСемей» ЖШС жылына 11,4 мың тонна ет өндіретін 7,7 млрд теңге көлеміндегі ет комбинаты іске асырылуда.

«Ет комбинаты айналасында бордақылау алаңдарының қуаты арттырылып, толық өндірістік циклді қамтитын ет кластеріне айналады», – деді әкім.

Биыл «Мәуліт» шаруа қожалығы 5 мың басқа арналған өндірістік мал бордақылау алаңын іске қосты. 2031 жылға дейін бордақылау алаңдарының қуаты 21 мың бастан 86,5 мың басқа дейін ұлғаймақ.

Майлы дақылдар мен құрама жем өндірісін дамыту бойынша 7 млрд теңгеге «DI-NUR COMPANY» ЖШС құрама жем және майлы дақылдарды өңдеу зауыты, 1,5 млрд теңгеге «Шын Жан ЖУО АНГ-Сұңқар» ЖШС майлы дақылдарды өңдеу зауыты іске қосылды. Желтоқсан айында ҚазақАстықГрупп (QAZAQ ASTYQ GROUP) ЖШС 8,2 млрд теңге инвестициямен тазартылған күнбағыс майын өндіру желісін іске қосады.

«Бұл импортқа тәуелділікті жояды және облыс халқын 100% қамтамасыз етеді», – деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, 2026-2027 жылдары Харвест (HARVEST) агрохолдингі Мақаншы ауданында 29 мың га егістік жерлерде су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылмаған жерлерді қайтару жұмысы да жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта 152,3 мың гектардан тұратын 428 жер учаскесі қайтарылды. Биылғы жоспар толық орындалады, ауыл шаруашылығы айналымына қайтарылған жерлердің 67,4 мыңы берілді», – деді әкім.

Фото: gov.kz

Оқылып жатыр

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

Штатив көтеріп жүріп, араларыңыздан шыққан алғашқы әкіммін — Берік Уәли

Абай облысының бюджеті екі есеге артты

Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдарды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Соңғы жазбалар

Мәскеуде «Қазақстан мен Ресей достығы» сквері ашылды

11 Қараша, 2025

3000 тоннадан астам тұз және 14 мыңнан астам рейс: Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

11 Қараша, 2025

«Ақша үшін әнші атанбадым»: Димаш әлемдегі белді телеарнаға тікелей эфирде сұхбат берді

11 Қараша, 2025

Алакөлді дамытудың жаңа бас жоспары дайындалып жатыр

11 Қараша, 2025

«Ел сөйлей береді, бастысы біз біргеміз»: Қабатовтың тоқалы мәлімдеме жасады(ВИДЕО)

11 Қараша, 2025

Жетісу ауданы 2026 жылғы жаңа жобаларға қамданып жатыр

11 Қараша, 2025

Абай облысында ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру жұмыстары қарқын алды

11 Қараша, 2025

Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

11 Қараша, 2025

Жетісу аудандағы ондаған көшеге жаңа жол жабындысы төселді

11 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.