Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 14 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз»: Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

«Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз»: Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

8 Мамыр, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады.

2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды.

Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов Польша мен Чехословакиядағы шайқастарға қатысқан. II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

Аймақ басшысы қос ардагерді мерекемен құттықтап, Президенттің жолдаған құттықтауын оқып берді. Мерейтойлық медаль, 5 миллион теңгенің сертификаты мен облыс әкімдігінің арнайы сыйлығын табыс етті.

«Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – халқымыздың ерлігі мен батырлығының нышанына айналған қастерлі мереке. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы соғыс ардагерлеріне әрдайым ерекше құрметпен қарайды. Сіздердің Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктеріңіз бен жанқиярлық ерліктеріңіз ұрпаққа үлгі бола береді. Арамызда аман-есен жүргендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз» деді аймақ басшысы.

Ерекше атап өтерлігі, соғыс ардагерлерінің үйінің ауласында Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарының әндерін шырқады.

Қазіргі таңда Абай облысында үш соғыс ардагері, 1700-ге жуық тыл еңбеккері бар.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.