Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады
  • Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады
  • «Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды
  • Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы
  • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді
  • Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
  • «Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы зиялы қауыммен кездесті

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы зиялы қауыммен кездесті

19 апреля, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан өңірдегі мәдениет саласының ардагерлерімен және жастар қауымымен кездесті. Кездесуге екі жүзден аса адам қатысты.

Жиын басында басқармаға қарасты мекемелердің басшыларын орындарынан тұрғызып жұртшылыққа көрсетіп, алдағы уақытта жұмыстарды осы азаматтармен бірігіп атқаратынын атап өтті. Басқарманың қысқа және ұзақ мерзімді жоспары жасалатынын айтып, өңірлік көркемдік кеңес құру, сондай-ақ «Руханият әлемі» атты портал ашу туралы бастамаларын ұсынды. Аталған портал өңір руханиятын кеңінен насихаттап, бар құндылықты цифрландыра отырып бір жерге жинақтап, ел мүддесі үшін қызмет ететін маңызды алаңға айналатынын жеткізді.

Кездесу барысында мәдениет саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде театр инфрақұрылымына қатысты түйткілдер де көтерілді. “Абай” қоғамдық қорының президенті Отантай Кәрібжанов: «Бір ғимаратта үш театр жұмыс істеп отырғанын облыс әкімі Берік Уәли мырзаның алдында көтергем. Арасына апта салмай сол мәселені Мемлекет басшысы Бурабайда өткен IV Ұлттық Құрылтай отырысында өз аузымен айтып «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты көрінісін дәлелдеді. Мәселе жетер жеріне жеткен екен, әкімге рахмет, енді шешілетін шығар» деп ой түйіндеді.

Сонымен қатар қолөнершілерге арнайы орын бөлу, белгілі мәдениет қайраткері Теміржан Базарбаевтың мерейтойын өткізу сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде
Жанжігіт Абзалбекұлы: «Барлық ұсыныстар мен сұрақтар назарға алынады. Осы жерде хаттама толтырылып жатыр, әрі қарай жұмысқа кірісеміз, біздің құзыретімізге жатпайтындары тиісті органдарға жеткізіледі, өздеріңізбен бірге жұмыс жасаймыз. Қордаланған мәселелердің шешімі бір күннің еншісінде емес, кезең-кезеңімен шешеміз деп ойлаймын» деді.

Оқылып жатыр

Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр

Бесқарағай ауданында жүзу бассейнінің құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бородулиха ауданының Михайличенково ауылында өрт сөндіру пункті ашылды

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Шәріптоғайда заманауи емхана ашылды

Көкпекті аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілді

Семей қаласында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Соңғы жазбалар

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025

«Қайрат» — «Реал» матчына билеттердің бағасы жарияланды

15 Қыркүйек, 2025

Әрбір реформа экологиялық жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс — «Байтақ» партиясы

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

15 Қыркүйек, 2025

Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды

15 Қыркүйек, 2025

«Тағы бір Бишімбаев»: Павлодарда экс-полицейдің ұлы әйелін бір жыл бойы аңдып, өлтіремін деп қорқытқан

15 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында жыл соңына дейін 1500-ге жуық кезектегі азамат баспаналы болады

15 Қыркүйек, 2025

Каспий теңізінде жер сілкінді

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.