Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде
  • Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды
  • «Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді

Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді

10 Тамыз, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Абай облысындағы Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі ақынның туған жері – Абай ауданында түйінделді.
Бүгін Қарауылтөбеде ұлттық спорттың бірнеше түрінен сайыстар ұйымдастырылды. «Жеті қазына» фестивалі аясында жорға жарысы, сондай-ақ топ бәйге (16 шақырым) мен аламан бәйге (25) өтті. Қазақ күресінен «Түйе палуан» (90 келіден жоғары) мен «Өгіз палуан» (74 келіге дейін) анықталды.
Жүлделі орындарға ие болған спортшыларға облыстың демеушілері атынан жалпы саны 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді.
Ерекше атап өтерлігі, ұлы Абайдың жақсы көрген ойыны тоғызқұмалақ сайысы мен 180 шақырымдық ултьрамарафонға еліміз бойынша тұңғыш рет автокөлік сыйға тартылды. Семей мен Қарауыл арасын 19 сағат, 9 минутта жүгіріп өткен Баубек Ильясов (Батыс Қазақстан облысы) жарыс жеңімпазы атанды. Тоғызқұмалақ сайысында шымкенттік Ғалымжан Темірбаев бірінші орынды иеленді. «Түйе балуан» сайысында маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов, «Өгіз палуан» сайысында алматылық Жігер Еркінұлы қарсылас шақ келтірмеді. «Топ бәйгеде» Алматы облысының, «Аламан бәйгеде» Павлодар қаласының, жорға жарысында Қырғызстанның жүйрігі топ жарды. Жүлдегерлердің барлығы көлікті болды. «Жеті қазына» фестивалінің жеңімпаздары жүлдеге жылқы алды.
Облыс әкімі Берік Уәли жорға, топ бәйге, аламан бәйге, тоғызқұмалақ, ултьрамарафон, қазақша күрес жарыстарының жеңімпаздарын
марапаттау салтанатына қатысты.
Аймақ басшысы мерейтойлық онкүндік аясында той тойлауға емес, ой ойлауға, рухани, зияткерлік, танымдық, спорттық шараларға баса мән берілгенін айтты.
«Жалпы, 10 күндік іс-шара елдің береке-бірлігінің арқасында жоғары деңгейде өтті деп есептеймін. «Абай академиясы» атты энциклопедиялық портал ашылды. Бірнеше кітаптың тұсауы кесілді. Мыңнан астам команда қатысқан «Абай куиз» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Зағип жандар мен нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана іске қосылды. Бүгін өздеріңіз көргендей, жүлде қорларының әр аймаққа, тіпті қырғыз еліне дейін кеткені қуантады. Осы ретте тойдың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан облыстың жанашыр азаматтарына алғыс айтамын» деді аймақ басшысы.
Он күнге созылған хәкім тойы Қарауылтөбеде “Желсіз түнде жарық ай» гала-концертімен түйінделді.

Оқылып жатыр

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

Доллар, базалық мөлшерлеме және инфляция: 2025 жылдың желтоқсанында қаржыны қалай сақтау керек? Экономистер болжамы мен тереңдетілген сараптама

Тасқын су кемі 350 адамды ағызып кетті: Тоқаев екі елдің басшысына көңіл айтты

Абай облысында «Абай салбурыны – 2025» республикалық құсбегілер турнирі өтті

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025

«Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді

1 Желтоқсан, 2025

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.