Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
  • Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады
  • Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды
  • Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен
  • Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды
  • «Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді
  • Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды
  • Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Адалдық – адамзаттың асыл қасиеті»: Берік Уәли «Адал азамат» бағдарламасы аясында келешек ұрпақ тәрбиесі атты жиынға қатысты

«Адалдық – адамзаттың асыл қасиеті»: Берік Уәли «Адал азамат» бағдарламасы аясында келешек ұрпақ тәрбиесі атты жиынға қатысты

11 апреля, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай облысы, Семей қаласы – Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде өткен MEETUP-кездесу барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы, ардагер ұстаздар, жоғары және орта білім беру ұйымдарының басшылары, білім саласының қызметкерлері мен студенттер қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігінің тілшісі.

            «Адал азамат» – ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы

Кездесуді ашқан облыс әкімі Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне сүйене отырып, бағдарламаның маңыздылығына тоқталды. Ол білім мен тәрбиенің қатар жүруі – саналы ұрпақ қалыптастырудың басты шарты екенін атап өтті.

«Адалдық – адамзаттың асыл қасиеті. Жас ұрпаққа тек білім ғана емес, рухани құндылықтар, парасат пен ізгілік дарыту – ұстаздардың басты міндеті», – деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, ол өңірде іске асырылатын маңызды жобалар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Семейдегі Оқушылар сарайының құрылысын аяқтау үшін қаржы бөлінгенін, сондай-ақ жастар бастамаларын қолдау мақсатында Жастар ісі жөніндегі басқарма құрылатынын мәлімдеді.

                                     Ұстаздар мен студенттердің үнқатысу алаңы

Кездесуде білім саласының ардагерлері мен үздік мамандары сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті. Қазақстанның Еңбек Ері Алма Шүкіжанова, колледж директоры Шағангүл Жанаева, ардагерлер кеңесінің төрайымы Мәдениет Ахметова, университет проректоры Айрат Базенов, үздік педагог Ирина Бочарова және үздік студент Шоқан Баймулаев өздерінің тәжірибелері мен көзқарастарын ортаға салды.

Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар облыс әкімінен білім беру жүйесі, жастарды жұмыспен қамту, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамыту және «Таза Қазақстан» бағдарламасына қатысты мәселелер жөнінде сұрап, нақты ұсыныстарын айтты.

                                        Тарихи оқу орны – болашақтың кепілі

Кездесуден бұрын Берік Уәли Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сынды көрнекті тұлғалар білім алған, 120 жылдық тарихы бар оқу орнының кабинеттерін аралап, колледждің музейі мен кітапханасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, «Шабыт», «Smart bala», «Балалар кітапханасы», «Қамқор», «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы» жобалары аясында ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – болашақ ұрпақты парасатты, ізгі әрі елжанды етіп тәрбиелеудің жаңа бағдары. Мұндай кездесулер қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты дамытып, білім беру саласының өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

 

Абай облысы Адал азамат адалдық білім саласы Берік Уәли жастар саясаты Мұхтар Әуезов колледжі Семей тәрбие бағдарламасы ұрпақ тәрбиесі

Оқылып жатыр

400 оқушы қатысты — Саранда алғашқы Freedom ALGA футбол фестивалі өтті

Түлкібаста 20 шақырымнан астам жол бойы тазаланды

Жастар – таза болашақ үшін: «Таза Қазақстан» акциясындағы белсенділік

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады

Жолдау міндеттері — ел болашағының бағдаршамы

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Соңғы жазбалар

«Көз тиді»: Қақпашы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алды (ВИДЕО)

14 Қыркүйек, 2025

Президент қазақстандық боксшыларды жеңісімен құттықтады

14 Қыркүйек, 2025

Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

14 Қыркүйек, 2025

Бейбіт күнде қырылған: Жол апатынан 27 адам көз жұмды

14 Қыркүйек, 2025

«Дүбәралар, байғұстар»: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренжіді

14 Қыркүйек, 2025

Қазақстандық азамат паспорт жүйесіндегі қате салдарынан 700 мың теңгеден айырылды

14 Қыркүйек, 2025

Бүгін қазақ қыздары ішіндегі тұңғыш бокс чемпионы Назым Қызайбайдың туған күні

14 Қыркүйек, 2025

Ұшақ апатқа ұшырады: борттағы адамдардың бәрі қаза тапты

14 Қыркүйек, 2025

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.