Фото: Halyq Uni
Алматыда 2023 жылдың маусымында көшедегі қызды зорлады деп айыпталған такси жүргізушісіне қатысты сот процесі ертең басталады, деп хабарлайды Todayinfo.
«НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрінің сөзінше, тергеу бір жылға созылып, көптеген заңбұзушылықтар орын алған, сондықтан әділ үкім шығарына күмән бар.
«Таңертең такси жүргізушісімен зорланған Милена соты болады. Ол оны есінен танып құлаған жерінен алып кетіп, жалдамалы пәтерде зорлаған. Айыпталушы пәтерді бұрын да қолданған, үй иесі оны таниды. Басында шындығын айтып, көлікте ұйықтап жатқан қызды көргені жайлы куәлік еткен ол кейін «қыз екеуі темекі шегіп тұрды» деп ойын өзгертті. Милена мүлдем темекі шекпейді.
Одан қалды қорғаушы жәбірленушіні жерден алып жерге салды. Оның не жазығы бар? Құлап қалған адамды ауруханаға жеткізудің орнына зорлаған адам сонда кінәсіз бе? Онымен қоймай, қолындағы бар алтынды сыпырып алған», – деп жазды Таңсәрі.
Оның айтуынша, полиция қылмысты адам ұрлау, зорлау және ұрлық ретінде қарастыруы тиіс болған, алайда жәбірленушінің арызы бастапқыда қараусыз қалған.
«Сот әділ үкім шығарарына еш кепілдік жоқ. Басты дәлелдер – биоматериалдар жиналмады, оқиға орнын тексеру жүргізілмеді, қылмысқа қатысты айғақтар алынбады. Тіпті, такси жүргізушісінің қызды қалай көтеріп әкеткені түсіп қалған бейнежазба тергеу ісіне қосылмаған», – деп жазды қоғам белсендісі.
Ол жұртшылықты сот процесіне қатысып, жәбірленушіге қолдау білдіруге шақырды.