Былтыр қараша айында Марат Күштібаев 27 жастағы келіншекті өзінің жұмыс орнында зорлады деген күдікпен ұсталып, сотталған болатын. Сол кезде ішкі істер министрі Жетісу облысының Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановты қызметінен босатты. Осы оқиғаға байланысты облыстық Кадр саясаты жөніндегі департаменттің басшысы да қызметімен қош айтысты.
Облыстық Полиция департаментінің экс-басшысына қатысты іс ақпан айында болып, айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.