Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды
  • «Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді
  • Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя
  • Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады
  • «Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті
  • «Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 14 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Әйелдер соғысын» өткізіп жатырмыз: мектеп бітіру кешіне ақша жеткізе алмаған ана-аналар несие алуға мәжбүр

16 Мамыр, 2025 Білім
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Мектеп бітіретін оқушылардың ата-аналары ақша жеткізе алмай жатыр. Тіптен кебір мектептерде әйелдер өзара ақшаға бола айтысуға көшкен. Қалталы ата-аналар мен орташа күн көріп жүрген аналар арасында бәсекелестік те басталғандай.

Биыл шамамен 217 мыңнан астам түлек 11 сыныпты бітіреді. Қолдарына салтанатты түрде аттестаттарын алғаннан кейін, үлкен өмірге қадам басатын түлектер қоштасу рәсімін мерекелік шара ретінде атап өтетіні анық. Мектеп бітіру кеші ата-ананың қалтасына әжептәуір салмақ салатыны белгілі. Әсіресе мейрамханаға кететін шығыннан бөлек фото-видеоға түсу, кешке киетін көйлек пен костюмдер, аяқ-киім сатып алу, кешке әдеміленіп бару үшін шаш жөндету, бет-әлпетті боятып макияж жасату сияқты шығындар шаш етектен. Ал бұл шығындардың бәрі ата-ананың қалтасына түседі. Мектеп бітіру кешіне ата-аналар мен түлектердің қалай дайындалып, қаншадан ақша жинап жатқандары жайлы Todayinfo тілшісі зерттеп көрді.

Аяжан Бекқұл да биыл 11 сыныпты бітіріп, үлкен өмірге жол тартқалы отырған түлек. Дәл қазір “Курсант” деп аталатын арнайы ұлттық біріңғай тестке дайындайтын мектепте оқып жатыр. Ата-анасы Аяжан грантқа түссе екен деп арнайы мектепке ай сайын 85 мың теңге төлейді. Бір жылда миллионнан астам қаржы жұмсап, қызына білім инвестициясын құйып жатқан Аяжанның ата-анасы мектеп бітіру кешіне де ерекше дайындалып жатыр.

«Ата-анам менен ештеңе аямайды. Менің екі әпкем осындай ақылы мектептерде дайындықтан өтіп, грант иегерлері атанды. Мен болашақта ағылшын-географиясы деген мамандыққа барғым келеді. Ағылшын мен географиядан өте жоғары балл жинауым керек. Сол үшін миллионнан астам қаржы жұмсап, тестке дайындалып жатырмын. Ал мектеп бітіру кешін «кластастарымызбен» бірге мейрамханада өткіземіз. Мейрамханада тамада жалдап, фото-видеокамераға суретке түсіп, таңды әдемілеп қарсы алу үшін бар жоғы 45 мың теңге ақша шығады. Оны ата-анам тауып береді» — дейді мектеп бітіруші түлек Аяжан.

Ал Аяжанның анасы Мөлдір Нұрымова болса қанша ақша жинау керек болса, соның бәріне дайын екенін айтады. Өзі жоғары жалақы алмаса да баласы үшін қалайда ақшаны тауып беруге дайын.
«Үшінші қызымнан аяған ақшаны ит жесін. Бала болашағымыз ғой. Бұлар ең соңғы бітіру кештерін әдемі өткізу үшін 45 мыңды әкесі екеуіміз тауып береміз. Өзім балабақшада жұмыс істеймін. Сол айлығыма осы қызыма кешке киетін көйлегін, туфлиін сатып әперіп, макияжын жасатқызамын. Оған да жоқ дегенде 50 мың теңгедей ақша кетеді», — деді ол.

Ал қызы қаладағы мектепте оқып жатқан Рыскүл болса ата-аналар чатында «әйелдер соғысын» өткізіп жатырмыз дейді. Биыл оның да қызы 11 сыныпты бітіреді. Қалалы жерде мейрамхана бағасы қымбат болғандықтан кешкі мектеп бітіру кешіне 100 мың теңгеден артық ақша жинайтын болдық деп күйініп отыр. Айтуынша, соңғы төртінші тоқсан ұрыс-керіске толып кеткен. Оған белсенді ата-аналар арқылы жасырын ақша жинатқызудың қызу жүріп жатқаны себеп.

«Ата-аналар чатында қатындар күнде қырылып жатырмыз, әйелдер соғысы жүріп жатыр. Біреуі 100 мыңнан, енді бірі 150 мыңнан жинайық деп көкіректерін керіп отыр. Ал мен сияқты бес баласы бар әйелдер бір отырысқа 100 мыңды қалай тауып беремін? Қызым көйлекті 30 мыңға сатып алды. Ал, туфлиін 25-30 мыңға алады. Мектептің ішін сәндегенге 10 мың теңгеден тағы береміз. Бәрін шығарып отырған осы ата-аналар. Мұғалімдер мен мектеп басшылығының кешке тікелей қатысы болмаса да, олар жоқ деп отырған жоқ. Яғни, ақша жинау туралы талас-тартысқа тоқтау салмай отыр. Барлық бәлені осы ата-ананың арасында отыратын қалталы қатындар шығарады. 100 мыңның өзін арзан төлеп жатырмыз, басқа мектептер 150 мыңнан жинап жатыр деп нервті одан сайын қажалайтындар бар. Сонымен көпшілікпен шуласып отырмыз. Ал мұғалімге сыйлық берейік деп бастама көтергендерге “мен ешкімге ештеңе бермеймін деп ауыздарын жауып тастадым», — дейді Рыскүл ханым.

Бес баласы бар ана, басында көптен қалмайын деп кредит алуға да дайын болғанын жасырмады.
Мектеп әкімшілігі ақша жинаудан хабары жоқтай. Көбі бастарын ала қашып, болып жатқан жайтты айтудан бас тартты. Таяқтың өздеріне тікелей тиетінін білген соң ақша жинау жайлы айтқылары келмейтіндерін жасырмады. Директорының орынбасары Ақнұр Абайқызының сөзінше, ұстаздар қазір ҰБТ-ға ғана дайындықпен бас қатырып жүр. Ақша жинау жайлы сынып жетекшілері жетік біледі.

«30 мамыр мен 16 маусымның аралығында мектеп бітіру емтихандары өткізіледі. Емтиханның қорытындысы бойынша 18 немесе 20 маусым аралығында ресми түрде мектепте аттестаттарын тапсырамыз. Аттестат тапсыру рәсімі мектептердегі акт залында немесе спорт залда өтеді. Қазір 11 сынып оқушылары емтиханға қатты дайындалып жатыр. Біз аттестатты табыстап болғанға дейін мектепте ешқандай шара өткізбейміз. Қолдарына құжаттарын ұстап бізден түлеп ұшқаннан кейін бітіру кешін өткізу-өткізбеу мәселесін ата-аналар өздері шешеді. Біз ары қарай балалардың қауіпсіздігі мен денсаулықтарына жауап бермейміз. Мұғалімдерді бітіру кештеріне шақырмайтындықтан ол жақта не болатынынан, қанша қаржы жинайтынынан «хабарсызбыз», — деп құтылды Ақнұр.

Аты-жөндерін атамауды сұраған әйелдер, балалары қатарластарынан қалмасын деп кредитке кіріп, қарызға батқан жағдайлардың да бар екенін айтады. Мектеп бітіру кешінен бөлек, мұғалімдерге, диреторға сыйлық үшін ақша жинау деген де тоқтаған жоқ. Ал Ақнұр жұмыс істейтін мектебіндегі жағдай жайлы айтқысы келмегенмен, ата-ана ретінде де өзіде ақша жинағандарын жасырмады.

«Мен де ата-ана ретінде балам оқу бітірген кезде 100 мыңнан жинадық. Фото-видео тамада, сияқты бүкіл шығыны осы қаржының ішіне кірді. Бұрын қыздар бітіру кешіне ерекше болып шығу “қымбат луктармен шығу” деген тенденция орын алған. Ал қазір қыздар да ұлдар да бітіру кештеріне қарапайым болып шығуды әдетке айналдырып келеді. Бұрын венеткаға түсетін еді, қазір венеткаға ақша құртпайық дейтіндер бар. Қазір мектеп бітірушілер азын аулақ жинаған ақшаларына Түркістан сияқты қасиетті мекендерді, Көлсай сияқты әдемі жерлерге шығып қайтуды жоспарлайды. Қазіргі өскелең ұрпақтардың санасы басқаша бір деңгейде өзгеріп келеді», — дейді Ақнұр.

ата-аналар ақша жинау Мектеп бітіру кеші несие

Оқылып жатыр

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Алматыда SHARE KAZAKHSTAN-2025 архитектура және урбанистика бойынша алғашқы халықаралық форумы өтті

Соңғы жазбалар

«Жүкті екенін ешкім білмеген»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанды

14 Қазан, 2025

«Қоғамдық көлікте жүру ақысы 500 теңгеге жетуі мүмкін бе»: Үкімет атышулы блогердің сөзіне пікір білдірді

14 Қазан, 2025

Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

14 Қазан, 2025

Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрін кеңесшісі етіп тағайындады

14 Қазан, 2025

«Қазақстан «мамбеттерімен» танымал»: Қарағандыда даулы пікір қалдырған кәсіпкердің соты басталды

14 Қазан, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

14 Қазан, 2025

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

14 Қазан, 2025

«Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді» – Тоқаев

14 Қазан, 2025

«Педагогтарға қолдау қажет»: Аягүл Миразова жуырда тағайындалған министрге кеңес айтты

14 Қазан, 2025

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.