Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Әйеліме әдемісің деп лайк басқан»: Берденов ісі бойынша күдікті өз шындығын айтты

6 Тамыз, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот процесі басталды. Tengrinews.kz тілшісінің сот залынан хабарлауынша, айыпталушы Ернар Жиенбай шенеунікке қастандық жасау себебін айтып берді, деп хабарлайды todayinfo.kz

6 тамызда басты сот процесі айыпталушыны сұраққа алудан басталды. Жиенбайдың айтуынша, жанжалдың туындауына жұмыс мәселесі емес, қызғаныш себеп болған.

«Қоғам, халық естісін деймін. Бұл оқиғаның жұмысқа еш қатысы жоқ. Бәрі қызғаныштан болды», – деді Жиенбай.

Соттағы жауап алу кезінде Ернар Жиенбай отбасына қатысты айтып, әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерді жоққа шығаруға тырысты.

«Алтыншы сыныптан бастап бірге оқыдық – менің адал жарым, сүйікті әйелім. Ол ешқашан бөтен адаммен сөйлескен емес. Әлеуметтік желілерде жазғандай жеңіл жүрісті емес, жақсы отбасынан шыққан тәрбиелі қыз», – деді айыпталушы.

Ол сондай-ақ тұңғыш ұлының аутизм диагнозымен өмірге келгенін айтты. Ерлі-зайыптылардың көршілес көшеде дәл осындай диагнозы бар баланы тәрбиелеп отырған отбасымен аралас-құралас болғанын жеткізді. Жиенбайдың сөзінше, ол отбасы Руслан Берденовтің туыстары болған, ал әйелі оларға жиі барып, бірге дамытушы шараларға қатысқан.

«Әйелім Берденовпен бірге «қара кассада» ойнайтын отырыстарда да болған», – деді айыпталушы.

Біраз уақыттан кейін әйелі телефонына Руслан Берденовтен хабарлама келгенін айтқан Жиенбай:

«Телефонды қарап отырсам, Руслан Берденов «Сен әдемісің» деп лайк қойып, хат жазыпты. Ол кезде мен ештеңе ойлаған жоқпын. Мен де ондай сөздерді әпкелеріме айтам», – деді.

Айыпталушы қастандық жасалған күннің алдында Берденовтің қабылдауына бармақ болғанын айтып, сол кезде әйелі дайындап үлгермеген киімі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, көйлектің етегі күйіп қалғанын байқап, ашуланған.

«Мен асығып жатыр едім. Сол кезде әйелім Руслан Берденовтің қандай киім киетінін айтып кетті. Сөйтсем, ол 5 миллиондық костюмдер киеді екен. Бұл да қастандық жасау себептерінің бірі болды деп ойлаймын», – деді Жиенбай.

Сот процесі мемлекеттік тілде, ашық түрде өтуде. Руслан Берденов сотқа қатысып жатқан жоқ. Оның өкілі – Жеңіс Тыныбек жәбірленушінің қазіргі уақытта ем қабылдап жатқанын айтты. Сот залында айыпталушының әйелі де қатысуда.

Фото: facebook.com/ruslan.berdenov

Руслан Берденов сот отырысы қастандық

Оқылып жатыр

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Соңғы жазбалар

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.