Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Әкем жалғыз асыраушы: Талдықорғанда оқушылар «Мұғалімдер күніне» жаппай ақша жинаған

17 Қыркүйек, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әлеуметтік желіде мектептегі мерекелік шараға ақша жинау туралы WhatsApp хабарламаларының аудиожазбасы мен скриншоты тарап жатыр. Талдықорғандағы №29 мектепте ұстаздар күніне арнап жоғары сынып оқушылары шарлар мен гүлдерге ақша жинаған. Жоспарланған шығындардың жалпы сомасы шамамен – 71 400 теңге. 

Фото видеодан скриншот жасалған

Желіде оқушылардың бірінің ақша жинау кезіндегі аудиосы тарады. Оның айтуынша, ол отбасында жалғыз асыраушысы болғанына қарамастан ақша жинап беріп жатыр.

«Сұмдық, әрине. Бәрі аяқ астынан ақылды бола қалыпты… Басқа амал бар ма? Біздің үйде де үш бала бар. Бәрі мектепте оқиды. Оларға да бірнәрсе алып беру керек. Үйде тек әкем жұмыс істейді. Анам үйде отыр. Бұған қарамастан біз де жинап беріп жатырмыз. Түгіміз кетпейді. Мұны апай шешпейді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға, Ардақ Каримованың алдына барып айтсын, онда. Біз неге жинамаймыз? Неліктен 11-сынып қана жинайды деп сұраңдар. Бәрі міндетті түрде ақша жинауы керек. 11 сынып қана болмаса…», – делінген арна хабарламасында.

Редакция әлеуметтік желідегі жазбаға қатысты облыстық білім басқармасы жауап сұрады. Бөлім оқиғаға қатысты барлық мән-жайды тексеріп, жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді.

«Бүгін 17.09.2024 жылы Telegram EGOV.PRESS  бетінде «№29 Орта мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесінде Мұғалімдер күніне оқушылар атынан ақша жинау туралы айтылған. Қазір №29 мектеп директорынан аталған жарияланым бойынша түсініктеме алынды. Мектеп диреторының түсініктемесінде 2024 жылдың 5 қыркүйегінде № 313 «Ақша жинауға тыйым салу» туралы бұйрық шығарған. Бұйрықпен мектептің барлық қызметкері танысты. Сынып жетекшілеріне оқушылардың немесе ата-аналардың ешқайсысы ешқандай ақша жинамауы туралы тапсырылған. Бірақ бұған қарамастан, 11-сынып оқушылары Мұғалімдер күнін атап өтуді және мұғалімдеріне алғыс айтуды шешті. Сынып жетекшісі бұл туралы білмеген», – деп жауап берді Жетісу облысының білім басқармасы.

Білім басқармасының айтуынша, осы жағдайды анықтау кезінде мектеп директоры педагогикалық ұжыммен сынып жетекшілерімен кезектен тыс кеңес өткізген.

«11-сыныпты ата-аналар комитеттері шақырды (мектепте 11-сынып төртеу). Мектеп директоры оларға бұйрықты тағы да көрсетіп сынып жетекшілерінің жауапкершілігі туралы ескертті. Сынып жетекшісі А.Байгерееваға «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды, өйткені дәл осы сыныпта оқушылар ақша жинау туралы ұсыныс айтқан. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Байқадамоваға жоғарыда айтылған жағдайға жол бергені үшін және түсініктемесінің негізінде «Сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылды. №29 орта мектеп-лицейінің директоры «Ақша жинауға тыйым салу» туралы тағы бір бұйрық шығарды. Мектептің барлық қызметкері бұйрыққа «Таныстым» деп қол қойылды», – делінген хабарламада.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша №29 орта мектеп-лицейінің директоры Л.М.Иманбековаға қатысты түсініктемесі негізінде «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

«Білім бөлімінің қызметкерлері №29 орта мектеп-лицейінің әкімшілігімен әңгімелесті. Ақша жинауға тыйым салу туралы мәселені бақылауда ұстау тапсырылды. Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектептерінің директорлары Жетісу облысы білім басқармасының басшысы М.Б.Сүлейменовтің атына облыстық, қалалық «Ақша жинауға тыйым салу» туралы бұйрықтарымен танысқандары туралы хат жазды. Ақша жинауға тыйым салу туралы мәселе білім басқармасының және Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің бақылауында», – деп түйіндеді Жетісу облыстық білім басқармасы.

 

 

ақша жаппай жинағаны күніне мұғалімдер оқушылар Талдықорғанда шу шықты үшін

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.