Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды
  • Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде
  • Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды
  • «Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді
  • Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді
  • Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады
  • «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті
  • «Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Әкемнің туған жеріне әулетіміздің атынан орнатам»: 21 жастағы жігіт Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш жасатпақ

«Әкемнің туған жеріне әулетіміздің атынан орнатам»: 21 жастағы жігіт Жетісуда атақты қобызшы Молықбай Байсақұлына алып ескерткіш жасатпақ

31 Шілде, 2025 Ақпарат комитеті
http://taldykorgan.cityshow.me/
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақсуда атақты қобызшы Молықбай баба аруағына алып ескерткіш орнатылмақ. Отан, ел алдындағы перзенттік парызын Жетісу өлкесінен шыққан кәсіпкер жігіттің ұлы Дарын Даниярұлы іске асырмақ, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Қазақ мәдениетінің тарихында өзіндік орны бар Молықбай Байсақұлының есімі бүгінгі таңда көп жағдайда тек музыка саласында ғана айтылады. Ал оның ақындық, бақсылық, жыраулық өнері әлі күнге дейін зерттеушілер назарынан тыс қалған.

Молықбайдың бойындағы қобызшылық өз заманының белгілі күйшілері болған әкесі Байсақ, атасы Бұғыбай, бабасы Жетібайдан дарығаны тек соңғы жылдары ғана айтылып, жазылып жүр. Өнер зерттеушілерінің Молықбай Байсақұлының қобызшылығына назар аударуына түрткі болатын дүние — әлi күнге дейін тек Ілияс Жансүгіровтің “Күй” деген поэмасы болып отыр.

Қобызшы — Молықбай шал Матайдағы,
Матайда — Кенже, Тұңғат, Сақайдағы.
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы,
– дегенді әйгілі ақын жайдан-жай айтпағанын қазір зерттеушілердің де көзі жеткен. Өйткені Қорқыттан бастау алатын қобызбен орындалатын күй өнерінің тарихында бұл салада Ықыластан кейінгі ең көрнекті тұлға ретінде қазіргі кезде Молықбайдың аты аталады. Сондықтан Жетісу облысының Жансүгіров ауылында әйгілі өнер иесіне ескерткіш қойылады екен деген хабарды естігенде, ұлттық мәдениеттің жанашырлары бірден елең еткені анық. Өйткені бұл мәселе соңғы 30 жылдан бері көтеріліп жүргеніне қарамастан, әлі күнге дейін ол ұсыныс күйінде қалып келе жатқан болатын.

2007 жылы мамыр айында Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Молықбай Байсақұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ғылыми-танымдық конференцияда ҚазҰМА профессоры Раушан Мұсақожаева:

«Қорқыт күйлері әлі тірі. Қойлыбай, Молықбай, Ықылас сияқты қобызшылар оның күйлерін халыққа жеткізе білді. Молықбай – қобызшы Қорқыттың артында қалған өлмес мұрасының жалғастырушысы. Біз Молықбайды өз көзімен көріп, оның күйлерін тыңдап, “Күй” поэмасын жазған Ілияс ағамызға алғысымызды айтамыз. Кеңес заманында Қазақ елінде қалған жалғыз қобызшы осы Молықбай Байсақұлы. Біз оның ұмытылған күйлерін қалпына келтіруіміз керек. Өнер өшпейді. Молықбай — Паганини сияқты дүлдүл дарын иесі. Паганиниге ескерткіш орнатылған. Елі оны құрметтейді. Ал қобызшыға ескерткіш орнатылмаған. Бұл – өкінішті», – деген еді.

Артында ұрпағы қалмаған қобызшыға ескерткіш орнату туралы ұсыныс ертеректе облыс әкімі болған Серік Үмбетовке де айтылған. Ол ұсыныс сол күйі іске аспаған еді. Енді “ештен кеш жақсы” дегендей, бұл олқылықтың орны толғалы отыр.

«Ескерткіш Жансүгіров ауылында Молықбай атындағы мәдениет үйінің алдына қойылады. Биіктігі 2,5 метр болатын, малдас құрып отырған атамыздың бейнесі қоладан жасалады. Ал астындағы тұғырының биіктігі 1,9 метр болғалы отыр. Оны Данияр Нұрбаев атындағы қор қаржыландырып отыр. Ескерткіш 2026 жылы наурыз не мамыр айында қойылады деп жоспарланып отыр. Қазір оның гипстегі нұсқасы дайындалып жатыр. 150 жылдығы қарсаңында Молықбайға Талдықорғанда көше аты берілген. Ал аудан орталығында әлі Молықбай Байсақұлы атындағы көше жоқ. Молықбайдың қобызы мен тұрған ауылда болды. Молықбай атамыздың жалғыз ұлы Тілеубек 1942 жылы соғыста қайтыс болған. Оның шаңырағында қалған қобызды атамыздың келіні Адасқан деген апамыз сақтап келген. Кейін Адасқан апамыздан Молықбайдың қобызын Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының ректоры болып тұрғанда Мырзатай Жолдасбеков Үлгілі ауылына барып, сұрап алып Ілияс Жансүгіровтың әдеби музейіне тапсырған. Оған реставрацияны Қазақбаев деген жігіт жасап, інісі Молықбайдың 150 жылдық мерейтойында алғаш рет күй ойнады», – дейді Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында тұратын “Бөрібай батыр” қорының төрағасы Берікбол Тасымов ақсақал.

Берікбол Төлегенұлының айтуынша, бұл шара 2028 жылы туғанына 170 жыл толғалы отырған Молықбай Байсақұлының мерейтойына дайындықтың басы болғалы отыр.

Данияр Нұрбаев атындағы қор басшысы Дарын Даниярұлы бұл іске білек сыбана кірісіп, жұмысты бастап кетті. Оның әкесі Данияр Молдиярұлы тірісінде елге қайырымдылығымен, ақкөңіл мәрттігімен танылған жігіттің сырттаны болған еді. Өмірден мезгілсіз ерте кеткен кәсіпкер жігіттің тұяғы әке жолын жалғай бермек.

«Мен, осы әулеттің ұрпақ жалғастырушысы ретінде, өз атам Молдиярмен мақтанамын. Атам — халқына адал қызмет еткен, елінің ардақты азаматы. Әкем Данияр да — туған жерін шексіз сүйген, шыққан тегін мақтан тұтқан, нағыз батыр мінезді тұлға еді. Біз бұл ескерткішті орнату арқылы келер ұрпаққа үлкен аманат қалдырғымыз келеді. Олар өз тегін, тарихын, бабалар рухын, туған жердің қадірін білсін, ұмытпасын деген ниетіміз бар. Алла қаласа, алдағы көктемде осы ескерткішті орнатып, үлкен той жасаймыз. Бұл той — рухтың, бірліктің, ұрпақ сабақтастығының тойы болмақ. Біз туған жерге деген сүйіспеншілікті, бабаларға деген құрметті ұмытпай, ұрпаққа үлгі етуді мақсат тұтамыз. Осы бір ескерткіш — соның жарқын белгісі болсын», – деді Дарын Молдияров.

Еске салсақ, атақты қобызшы Молықбай күллі Алаштың ардақтысы болған Ілияс Жансүгіровтің атын қойған аруақты адам болған.

Оқылып жатыр

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

Доллар, базалық мөлшерлеме және инфляция: 2025 жылдың желтоқсанында қаржыны қалай сақтау керек? Экономистер болжамы мен тереңдетілген сараптама

Тасқын су кемі 350 адамды ағызып кетті: Тоқаев екі елдің басшысына көңіл айтты

Жаңа теңге мен банкомат: Терминал ақшаны қабылдамаса не істеу керек?

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

«Tesla Education» орталығы «Damu Bala» бағдарламасы бойынша жұмыс істемейді»: Алматы білім басқармасы жауап берді

Соңғы жазбалар

Жамбыл облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жақсарды

1 Желтоқсан, 2025

Жаңа көпір, жаңа жолдар, жаңа автобустар: Тараз дамудың жаңа кезеңінде

1 Желтоқсан, 2025

Петропавлда мектеп асханасынан құрт-құмырсқа табылды

1 Желтоқсан, 2025

«Балалы болсаң көлік пен пәтер береміз дегендер құттықтауға жараған жоқ»: Елдос Колобек сөзінде тұрмағандарға ренжіді

1 Желтоқсан, 2025

Orda-ның офисіндегі ойран: Бас редактор Гүлнар Бажкенованың үйі мен редакциясына тінту жүргізілді

1 Желтоқсан, 2025

Тоқаев Аида Балаеваны тағы бір қызметке тағайындады

1 Желтоқсан, 2025

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирилл Кекер өмірден өтті

1 Желтоқсан, 2025

«Нығматуллиндер кланы әлі күнге дейін ықпалды»: Әсет Матаев Президентке үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

«Өтірік сөздеріне сенбеңіздер!»: Қабатовтың тоқалы елге үндеу жасады

1 Желтоқсан, 2025

1 желтоқсаннан бастап елде не өзгереді?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.