Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»
  • «Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды
  • Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды
  • Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр
  • Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды
  • Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті
  • «Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды
  • 16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Әкімдік тарапынан үнемі қолдау көрсетіледі»: Дархан Сатыбалды Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі саналатын орынға барды

«Әкімдік тарапынан үнемі қолдау көрсетіледі»: Дархан Сатыбалды Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі саналатын орынға барды

14 Маусым, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының әкімі кәсіп ашамын немесе өндіріс орынын кеңейтемін деген адамдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында «ЮКМЗ» АҚ «Су сорғыш станциялар және ауыл шаруашылығы техникалары, мұнай компанияларына арналған техникалар, полимер бұйымдар» шығаратын зауытта болды. Зауыт басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен бөлісті. Жеке кәсіпкердің ұсынысын тыңдаған аймақ басшысы кәсіпорындардың мүмкіндігін кеңейтуге мемлекеттік қолдау жолдарының қарастырылатынын жеткізді.

Бұл машина жасау зауытының іргесі 1931 жылы қаланған. Жылына 100 насос шығаруға қауқарлы зауытта 181 адам жұмыспен қамтылған. Жер көлемі – 5,6 гектар.

«Өңірде кіші және орта кәсіппен айналысатын азаматтар саны жыл сайын артуда. Басым көпшілігі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен ісін бастап жатыр. Кәсіп ашамын, кәсібімді одан әрі кеңейтемін деген азаматтарға әкімдік тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетіледі», – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

«ЮКМЗ» АҚ – Қазақстандағы ең ірі машина жасау зауыттарының бірі. Кәсіпорын 2000 жылы бұрынғы КСРО аумағында ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы машина жасау өнімдерін ірі жеткізушілердің бірі ретінде танымал «Манкентсельмаш» ААҚ негізінде құрылған. Кәсіпорын еліміздегі мал шаруашылығы фермалары мен шалғай жайылымдар үшін су көтергіш техника мен арнайы техниканы жалғыз жеткізуші болып табылады. Зауыт СНП-500/10 типті сорғы станцияларын шығаратын жетекші өндіріс орындарының бірі саналады.  Аталған сорғылар Қазақстан нарығынада жоғары сұранысқа ие болып отыр.

«Өндіріс орны «Алматы – Термез» халықаралық тас жолының жанында орналасқан. Өз теміржолы және автомобиль кіреберіс жолдары бар. Сонымен қатар, электрмен жабдықтауға арналған қосалқы станциялармен, ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су қабылдағыш алаңмен, дамыған кәріз желісі, механикалық жөндеу базасы, сапаны бақылау бөлімі мен зертхана, конструкторлық-технологиялық бөлімдермен жабдықталған», -деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Машина жасау зауыты «Оңтүстік Қазақстан Индустриалды-инновциялық колледжінің» құрылтайшысы. Ақсукент ауылында орналасқан колледжінде болған облыс әкімі Дархан Сатыбалды оқу базасымен танысты. Колледж оқытушыларымен кездесіп, білім ошағының даму мүмкіндіктерін пысықтады. Білім ордасында жалпы білім беретін шеберханалар, зертханалар, компьютерлік және лингофон сыныптары бар. Колледж 10 бағыт бойынша мамандарды даярлайды. Атап айтқанда, талапкерлер «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Машина жасау технологиясы», «Электрмен қамтамасыз ету», «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі», «Әлеуметтік жұмыс», «Полимерлік өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша білім ала алады.

Оқылып жатыр

Президент деңгейінде ғана шешіледі: Азбал Құспан кедендік түсім еке есеге азайып, қылмыстың көбейіп кеткенін жазды

Тимур Турлов: Қазақстанды жоғары инфляция мен теңгенің әлсіреуі күтіп тұр

Бір тәулік күту: Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа талап енгізілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер енгізіледі?

78 млн теңге: Қымбат пәтер алғандар тексеріледі…

Соңғы жазбалар

Тоқаев: «Мен, Президент ретінде, жауапкершілік алуым керек»

16 Қыркүйек, 2025

«Төсектен тұра алмай қалдым»: Баян Алагөзова сырқаттанып қалды

16 Қыркүйек, 2025

Жеке кеңістікті бұзғандарға қатаң жаза: сталкингке қарсы заң қабылданды

16 Қыркүйек, 2025

Қарасаевтың түбіне жеткен қоқыс полигоны: Алматы облысында қатты қоқыс қалдықтары өртеніп жатыр

16 Қыркүйек, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев астықты дер кезінде жинап алуды тапсырды

16 Қыркүйек, 2025

Ақмола облысында егіс алқабы 5,5 млн гектарға жетті

16 Қыркүйек, 2025

«Бокс дамымай қалған елдердің спорты»: Белгілі жазушының мәлімдемесіне қоғам екіге жарылды

16 Қыркүйек, 2025

16 жастағы қыздың жыныс мүшесіне таяқ тығып қорлаған әйелдің бірі әкімдікте істеген

16 Қыркүйек, 2025

«Қайрат әркімге жабысып тасжүрек қылды»: жастық өмірін Айдарбековтар әулетіне берген Жұлдыздың өмірі талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025

«Туған анасын осылай сыйлады ма екен?»: Жанар Айжанованың күйеу баласы мен қызының әрекеті қызу талқыға түсті

16 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.