Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
  • Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды
  • Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді
  • Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады
  • 70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды
  • Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі
  • Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 
  • «Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 24 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

24 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Фараби Университеті

Саяси аухал жер жаһанда жайлы болмай тұр. Бірін бірі басып отыруға, оған көнбесе күшпен жаншуға дайын тұрған алпауыт мемлекеттердің айқасы да, тіптен шағын, экономикасы әлсіз елдердің өзінде саяси тұрақсыздық орын алған. Осының бәрі әлемді дүрліктіріп тұр. Жаппай қарулану жағдайына қайта көшкен әлем елдері қанды қырғын соғыстарда адам өлімі мен азаптауларға да мән бермейтін жағдайға жетті. Шиеленіскен қым-қуыт қиын жағдайдан Қазақстан жанжалсыз отырған елдің бірі, әрі бірегейі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ халықаралық қатынастар факультетінің қауымдастырылған профессоры, «АЙМАҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ТАЛДАУ»  орталығының ғылыми қызметкері Думан Жекенов аталған саяси жағдайға қатысты пікір білдірді.

Жаһандағы күрделі жағдайды білесіз. Ел тұтқасын ұстаған Мемлекет басшысы сыртқы саясаты қандай бағыттарға басымдық беріп отыр?

— Бүгінде Қазақстанның сыртқы саясаты теңгерімді бағытта жалғасып келеді. Бұл еліміздің бұрыннан қалыптасқан концептуалды сыртқы саясатының, яғни көпвекторлы бағыттың заңды жалғасы. Негізгі мақсат халықаралық аренадағы күштер арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, ұлттық мүдделерді қорғау. Соңғы уақытта бұл саясат нақты іс-қимылдармен көрініс табуда. 

Президент шетелдерде де, ел ішінде де өзге мемлекеттердің басшыларымен жиі кездесіп, дипломатиялық қатынастар орнатып келеді. Осы соңғы рет Әзербайжан президенті елге келіп кетті. Бұл кездесу қазақ еліне не береді? 

— Бұндай ресми кездесулердің маңызы өте зор. Көлік дәліздерін әртараптандыру және диверсификациялау мақсатында Қазақстан Транскаспий немесе Орта дәліз бағытын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапары және Әзербайжан Президентінің жуырдағы Қазақстанға ресми келуі осы бағыттағы ынтымақтастықты күшейтті. Екі ел басшыларының қатысуымен Орта дәліздің болашақ дамуы жөнінде ірі жобалар таныстырылды. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикалық және сыртқы саяси әртараптандыру бағытын нақтылай түседі.

Президент соңғы кездері әлемдегі ресми жиындарда Қазақстанның сыртқы саясатының тағы бір маңызды қырын көрстеіп, елімізді «орта держава» (middle power) ретінде таныстырып жүр. Бұның астарында не жатыр? Расымен біз орта державаға айналып үлгердік пе?

— Соңғы БҰҰ саммитінде Мемлекет басшысы әлемдік сын-қатерлерді тек ірі державалар ғана емес, орта державалар да шешуге үлес қосуы тиіс екенін атап өтті. Бұл  Қазақстанның халықаралық жауапкершілікті сезінетін, жаһандық және аймақтық процестерге белсенді қатысуға дайын мемлекет екенін білдіреді. Яғни, Қазақстан тек өз ішкі мәселелерін шешумен шектелмей, аймақтық және жаһандық деңгейдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосуға, қажет жағдайда мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды реттеуге қатысуға дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл еліміздің «орта держава» мәртебесіне ұмтылуының нақты көрінісі.

АҚШ Қазақстанмен саудаға қойылған шектеуді алып тастауға дайын бұл жағдайда АҚШ Қазақстаннан қандай ымыра күтеді?

— Америка Құрама Штаттарының Қазақстанға қатысты кейбір шектеулерді алып тастау мәселесіне келсек, мұнда саяси астардан гөрі прагматикалық есеп басым. Дональд Трамп мырза  айлакер, құбылмалы, бірақ сонымен қатар реалист әрі прагматик саясаткер. Ол ең алдымен өз еліне пайда әкелетін шешімдерді ғана қолдайды. Бұрыннан белгілі болғандай, Трамптың іскерлік тәжірибесі оның саяси ұстанымдарына да әсер етеді. Сондықтан бұл жағдайда АҚШ тарапынан қандай да бір геосаяси қулық іздеудің қажеті шамалы. Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары кезінде америкалық ірі компаниялармен бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл келісімдердің кейбірі көршілес елдер арасында сұрақтар туғызды  неге дәл осы бағамен алыстағы Америкадан сатып алу керек, жақын жерден арзан нұсқалар бар емес пе деген пікірлер айтылды. Алайда бұл  Қазақстанның теңгерімді сыртқы саясатының көрінісі. Яғни, күштер арасындағы тепе-теңдікті сақтау және әріптестік бағыттарды әртараптандыру. Өз кезегінде америкалық тарап та осы келісімдер арқылы Қазақстанмен экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі. Сондықтан шектеулердің жұмсаруы немесе алынып тасталуы  екі жаққа да тиімді қадам. Бұл жерде АҚШ-тың ұстанымы түсінікті  ол Қазақстанды стратегиялық негізгі серіктес немесе халықаралық қатынастардағы ірі ойыншы ретінде емес, пайдалы экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырады. Әсіресе сирек кездесетін металдар қоры мен табиғи ресурстарға қол жеткізу  олардың басты мүддесі. Сонымен қатар, АҚШ-тың аймақтағы тағы бір астыртын мақсаты Ресейдің шекаралық аймақтарында өз қатысуын арттыру арқылы геосаяси ықпалын сездіру. Бұл, бір жағынан, Ресейдің сыртқы саяси мінез-құлқына да психологиялық қысым көрсету құралы ретінде қаралуы мүмкін. Қорытындылай айтқанда, Вашингтонның Қазақстанмен байланысындағы негізгі мақсат саяси емес, экономикалық пайда. Бұл  прагматикалық, өз мүддесіне тиімді бағыттағы қадамдар жүйесі.

Сұхбатыңызға рахмет!

Оқылып жатыр

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

АҚШ-тың «Томагавк» зымырандарын Украинаға жеткізуден бас тартуы: саясаттың астарында не бар?

«Тынышталыңдар!»: Маңғыстауда ҚТЖ басшылығы жұмысшылар жиналысына «криминал» өкілдерін әкелген (видео)

«Дәлізде жатырмыз»: Алматы облысы Қарасай ауруханасында жүрек ауруымен түскен науқастарға орын жетіспейді

Семейдегі ерлік: Екі жігіт қарт ерлі-зайыптыны жанып жатқан үйден құтқарды

«Халықтың дұғасының арқасында…»: Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті

Соңғы жазбалар

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

24 Қазан, 2025

70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды

24 Қазан, 2025

Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі

24 Қазан, 2025

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

24 Қазан, 2025

«Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты

24 Қазан, 2025

Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды

24 Қазан, 2025

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.