Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Ринат Зайыттың отбасы қара жамылды

1 Желтоқсан, 2025

Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

1 Желтоқсан, 2025

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

1 Желтоқсан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ринат Зайыттың отбасы қара жамылды
  • Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды
  • Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты
  • Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
  • «Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті
  • Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
  • «Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады
  • Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 1 Желтоқсан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

1 Желтоқсан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

«Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз жалауын көтерді, деп хабарлайды Todayinfo.

Биылғы біріншілік – үш стиль бойынша ұлттық құраманы жасақтау мен іріктеудегі шешуші кезең. Келер жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары күтіп тұр.

Чемпионатқа қатысушылар арасында: төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жамиля Бакбергенова, U23 әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қолажүлдегері Эльмира Сыздыкова, U23 әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, грек-рим күресінен бес дүркін әлем жүлдегері Алмат Кебиспаев және басқа да белгілі спортшылар бар.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінің 55, 63, 72, 77, 82 және 130 кг салмақ дәрежелеріндегі балуандар кілемге шықты.

Турнирдің басты сенсациясы – еркін күрестің жұлдызы, Азия чемпионаттарының төрт дүркін жүлдегері, екі дүркін Олимпиада қатысушысы Алишер Ерғали (125 кг) грек-рим күресінде өнер көрсетуі болды. Спортшының айтуынша, ол бірден екі стильде – еркін және грек-рим күресінде – белдесуді жоспарлап отыр.

«Алишер Ерғали – еркін күрестің тәжірибелі балуаны. Ережеде спортшының қалаған стилінде күреске қатысуына тыйым салынбаған», – деді ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, әйгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов. «Оның Қазақстан чемпионатында қалай өнер көрсететінін өзім де көргім келеді. Содан кейін ғана грек-рим құрамасындағы болашағы жөнінде нақты пікір айтуға болады».

Турнирдің алғашқы күнінде Алишер финалға жолдама алып, онда шымкенттік Джохар Узеровпен белдесетін болды. Жартылай финалда оны осы салмақ дәрежесіндегі Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Алимхан Сыздыков күтіп тұрған еді. Тартысты өткен белдесу Алишер Ерғалидың 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Олимпиада бағдарламасында үш стиль бойынша 18 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Біздің басты міндет – ұлттық құраманы жүйелі әрі дұрыс қалыптастыру. Келер жылы өте маңызды жарыстар бар: ең алдымен кешенді Жазғы Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары. Қазір біз әр салмақта Азия ойындарында медаль ала алатын спортшыларды қарастырып жатырмыз. Өйткені біздің құрлықтағы бәсекелестік өте жоғары. Соңғы жылдары Азия күресі айтарлықтай күшейді, соңғы Олимпиадада Азия балуандары 18 алтынның 12-сін жеңіп алды. Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан балуандары – өте мықты. Сонымен қатар араб елдері үшін көбіне Ресейден келген легионерлер белдеседі. Объективті түрде айтсақ, Азия ойындарында үш стильдің бірінде бір алтын алу – үлкен жетістік болар еді», – деді Тұрлыханов.

Сонымен қатар жартылай финалдық белдесулер арасына салтанатты марапаттау рәсімі де өтті. 2024 жылғы еркін күрестен 70 кг салмақта әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа Астанадан екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Ал 2024/2025 жылғы грек-рим күресінің әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға Федерация тарапынан 25 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Оның жеке бапкері 10 мың доллармен марапатталды.

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІНДЕГІ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ БОЙЫНША ФИНАЛ ЖҰПТАРЫ

• 55 кг: Алпамыс Дастанбек (Қызылорда облысы) – Нұрзат Қабдрахимов (Жетісу)

• 63 кг: Азамат Құрман (Ақтөбе облысы) – Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы)

• 72 кг: Николай Хапко (СҚО) – Аманбек (Алматы облысы)

• 77 кг: Маулен Маулитканов (Астана) – Қахарман Қисметов (БҚО)

• 82 кг: Әлмир Төлебаев (Алматы облысы) – Ибрагим Магомадов (Қарағанды)

• 130 кг: Алишер Ерғали (Жамбыл облысы) – Джохар Узеров (Шымкент)

Оқылып жатыр

Ринат Зайыттың отбасы қара жамылды

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

Ресми ескерту: 35 мың қазақстандықтың шотына шектеу қойылуы мүмкін

Заңгер Ербаян Мұхтардың ісіндегі маңызды жаңалықты айтты

Соңғы жазбалар

Ринат Зайыттың отбасы қара жамылды

1 Желтоқсан, 2025

Әлем чемпионына пәтер, сенсация мен жеңіс: Алматыда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

1 Желтоқсан, 2025

Іле ауданының экс-әкімі Қарасаевқа қатысты үкім шықты

1 Желтоқсан, 2025

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

1 Желтоқсан, 2025

«Бірлігі бекем Сыр елі»: Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумы өтті

1 Желтоқсан, 2025

Қордайда қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

1 Желтоқсан, 2025

«Күйеуі талантын тұмшалап тастаған»: Бейбіт Сейдуәлиеваның атақты Уитни Хьюстонның әнін тамылжыта орындаған видеосы тарады

1 Желтоқсан, 2025

Екі диагнозды бір сағатта қойып, екі операцияны бірден жасаған: Астанада әйелдің жұмбақ өлімі дау тудырды

1 Желтоқсан, 2025

Қазақ футболы қара жамылды: Белгілі бапкер мезгілсіз өмірден озды

1 Желтоқсан, 2025

Аномалды жылылық: Биыл Қазақстанда қыс неге қарсыз басталды?

1 Желтоқсан, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.