Фото: BBC
Әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің тізімі жарияланды. BBC-дің 2024 жылғы тізіміне Өзбекстан мен Қырғызстан әйелдері кірген. Алайда ықпалды әйелдер тізімінде Қазақстаннан бірде бір адам жоқ, деп хабарлайды Todayinfo.
Жер жүзіне танымал әйелдердің арасында Өзбекстаннан бір, Қырғызстаннан да бір адамның аты аталған. Оның бірі — өзбекстандық тігінші Дилорам Юлдашева.
Ол екі жыл бұрын егін жинау кезінде жазым болып, екі аяғынан айырылған. Бірақәйел алға ұмтылуын тоқтатпай, жаңа мамандық – тігіншілікті игерген. Жас өзбек келіншектерін тігіншілікке баулып, оларға табыс табуды үйреткен. Оның қырыққа жуық шәкірті бар. Қазір Дилорам Юлдашеваның тігін цехы оқушылар мен жұмысшылардың формасын тігеді. Оның кәсібі өзінің ғана емес, өзге әйелдердің де табыс көзіне айналды.
100 мықты әйелдің қатарында тұрған келіншектің бірі — қырғызстандық музей директоры Жаңылсынзат Тұрғанбаева. Ол Бішкектегі этнологиялық мұражайды басқарады. Ол қайырымдылық жұмыстарының бір бөлігін қырғыздың қырық тайпасының басын қасқан «Манас батыр» туралы эпосты сақтаумен байластыстырған. «Манас жырының» бір нұсқасы 500 мың жолдан тұрады, әлемдегі ұзақ поэма ретінде ЮНЕСКО тізіміне енген. Жаңылсынзат Тұрғанбаева осы жырды мәнерлеп оқитын әртістер – манасшыларға қолдау білдіреді.