Жақында үшінші рет үйленген актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты біраз сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туылған балалалары бүгінде Дәуреннің ата-анасының қолында.
«Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол себепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ», — деді актер.
Дәурен Айдарқұловтың бұл сұхбатынан кейін оқырмандар актерді кінәлап түрлі пікір жазды.
«Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға», «Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты», «Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де», «Балаларды тірі жетім етіп», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

