Әлеуметтік желілердегі мониторинг нәтижелері бойынша, Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыға қатысты ақпараттық шабуылдар байқалуда.
Бұл шабуылдардың негізгі тақырыбы — әкімнің ағаларына тиесілі құрылыс компаниясы. Кейбір ақпарат құралдары олардың Алматыда жеңілдетілген шарттармен құрылыс жүргізетіні туралы жазуда. Мұндай мәлімдемелер олардың туыстық байланысын пайдаланып, артықшылық алуға тырысып отыр деген күмән тудырды.
Алайда Todayinfo.kz дереккөздерінің мәліметінше, Дархан Сатыбалды мен оның туыстары арасында бұдан бұрын жасалған нақты келісім бар: ағалары оның әкім болып тағайындалған өңірлерінде ешбір кадрлық, жер мәселелеріне араласпайды, құрылысқа және мемлекеттік сатып алуларға қатыспайды. Мұндай тәртіп бұған дейін Шымкент пен Түркістан облысында да сақталған.
Бұл ақпаратты ашық дереккөздер арқылы оңай тексеруге болады, себебі тиісті мәліметтер базасы көпшілікке қолжетімді.