Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов пен Dark Team командасының жаттықтырушысы Эдуард Базров UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Мераб Двалишвили неге Омар Нурмагомедовты жеңгені жайлы айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
«Мераб әр жекпе-жек сайын тәжірибесін жетілдіріп жатыр. Оның дағдылары уақыт сайын жақсарады. Ол қазірдің өзінде жекпе-жекте жеңіске жетуге мүмкіндік беретін стилін жетілдірді. Двалишвили қашықтықты жақсы қысқартты, аяғымен жақсы қозғалды және оның төзімділігі басқа деңгейде екенін көрсетті. Бесінші раундта Мераб әлі тың болды. Омар ол сияқты болмаса да, жақсы болды. Ол осы жекпе-жектен кейін дұрыс қорытынды жасап,мықты болып оралуы керек. Екі спортшыға да үлкен құрмет», — деді маман Sports.kz-ке.
Айта кетейік, Двалишвили UFC 311-де әділқазы алқасының бірауыздан Омар Нурмагомедовты жеңді. Грузин спортшысы UFC белбеуін алғашқы рет жеңіл салмақта қорғады.