Әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың қайын жұртында қонақта жүрген видеосы жарияланып, көпшіліктің назарына ілікті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Видео авторы роликті «Қайрат қайын жұртында қонақта» деген атаумен бөліскен. Аталған видеоға желі қолданушылары әртүрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін арнады.
— «Алла ұзағынан сүйіндірсін! Алғашқы жары, балаларының анасындай ешкім болмайды. Екеуі де сүйкімді, әдемі жұп. Бақыт өз қолдарыңда»,
— «Екеуі жарасып тұр»,
— «Бақытты болып жүріңдер, халық екеуіңнің бірге жүргендеріңе риза»,
— «Мынау менің күйеуім бе деп тұр ғой Жұлдыз», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Видеоға пікір қалдырғандар әншінің отбасылық бақытына шынайы тілек білдіріп, оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен қарым-қатынасына оң бағаларын берген. Әншінің жеке өміріне қызығушылық танытатын тыңдармандары бұл видеоны жылы қабылдаған.