Қазақстанның адвокаттар алқасы аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өкізбек. Жиында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып жатқан адвокаттарды жария талқылауды тоқтату, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев әріптестеріне «Бишімбаевтың ісіне қатысатын адвокаттарды жария талқыламайық» деген үндеу тастаған.
«Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді», — деп жазды ол.
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғап жатыр. Жәбірленуші тарапты, яғни, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен оның жақындарының мүддесін адвокат Жанна Оразбахова, Алия Омаровалар қорғап келеді.