Кәсіпкер Қайша Керей жолдасы сыйлаған гүл әлеуметтік желіде қатты таралғанын айтты, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Мына гүлдің видеосы Тик токта 1.4 миллион қаралым 111 мың лайк, қырғын комментарий жинапты, инстаграмда 900 мыңдай қаралым, бәленмай ел бір-біріне жіберген екен.Мен жәй сала салғам, тіпті ондай қаралым жинағанына өзім таң қалдым, 99% әйелдер мен үшін өздері алғандай қуаныпты жандарым. Азаматтарыңыз апта сайын гүл сыйлайтын табыс нәсіп болсын.Мен неге қуандым, себебі бұндай гүлді шыны керек Стамбулда таппайсың,ол жақта гүлдер әдемі емес, налог 40-45% болады, дәл осындай гүл шамамен миллионнан екі миллион теңге арасында болады, мүмкін одан қымбат», — деді Қайша Керей.
Оның айтуынша,
Кәсіпкер жолдасы мұндай гүлді сирек беретінін мойындады.
«Оның үстіне Қуаныш ондай гүл шоқтарын арт-артынан сыйлайтындардың қатарынан емес, әрең бір сыйлағанда күшті эмоцияда болдым.Гүлге су құйып әлі қарап отырмын. Әйелдердің жаны бөлек қой, әйелді әйел ғана түсінетін шығар», — деп жазды ол.