Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді
  • «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты
  • Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен
  • Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады
  • «Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты
  • Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»
  • Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін
  • Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 21 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » АЭС салу электр импортына тәуелділікті азайтады — кәсіпкер

АЭС салу электр импортына тәуелділікті азайтады — кәсіпкер

30 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

АЭС сырттан алатын электр энергиясына деген тәуелділікті азайтады. Алдағы уақытта өтетін референдумға қатысты кәсіпкерлер пікір білдірді. Олардың сөзінше, өзге елде болған бірнеше АЭС жарылуын көлденең тарту орынсыз. |Елде өнеркәсіпті дамыту, кәсіппен айналысу үшін қазір электр тапшылығы жоғары.

«АЭС не үшін қажет десеңіз, ол еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруіміз үшін қажет. Атап айтқанда, АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құтылып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жеткіземіз. Ал, пайдасына келсек, еліміздің барлық аймағын энергиямен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Тағы бір пайдасы, АЭС қуаттылығына қарай белгілі бір мемлекеттің белгілі бір аумағындағы халықтың, өнеркәсіптердің тұрақты, ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Электр энергиясының импортына деген тәуелділікті азайтады. Жергілікті халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артып, еліміздің ғылыми тәжірибелік базасы көтеріледі.
Ақиқатына үңілсек, АЭС-тер қазіргі таңдағы электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Әлемде таза, жасыл энергия көзі атом энергиясы болып саналады. Дамыған елдер бұған әлдеқашан көз жеткізген. «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс» деп Мемлекет басшысы атап өткеніндей, осынау кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі саналатын референдум алдында азаматтарымыз жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдайды деген сенімдемін», — деді жеке кәсіпкер Талғат Исахов.

Олар Семей полигонын заманауи АЭС салыстыру мүлдем орынсыз деп санайды. Айтуларынша, қазір елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікірлер айтылып жүр. Соның ішінде бұл бастаманы Семей полигонымен салыстырып жатқандар да бар. Ядролық отынды қару ретінде пайдалану мен бейбіт мақсатта қолдану – бір-бірімен мүлде үйлеспейтін түсініктер.

«Тұрғындардың радиациядан зардап шегу қатері жоқ екенін айтуға тиіспіз. Енді біреулер Чернобыль мен Фукусима апаттарын мысалға келтіреді. Біріншіден, Чернобыль АЭС-ы 1977 жылы салынған болса, Фукусима стансасы 1971 жылы іске қосылған. Олар сол кездегі ең мықты технологиялармен салынған бірінші буындағы реакторлар болатын. Қазір дәуір басқа, технология содан бергі кезеңде қарыштап дамыды. Бізде салынатыны ІІІ және ІІІ+ буындағы реакторлар болады. Екіншіден, Чернобыльдегі апат адам салғырттығынан орын алса, Фукусимадағы апат мұхиттағы цунамидің салдарынан болды.

Жаңа буын стансалар 9,2 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алатындай боп салынады. Атом стансаларының салынуы МАГАТЭ – Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттіктің тікелей қадағалауымен іске асады. Жобасы, салынуы, іске қосылуы және жұмыс істеп тұруы – түгелдей халықаралық мамандардың бақылауында болады», — деді «AMANAT» партиясының мүшесі Алтынсары Үмбетәлиев.

Оқылып жатыр

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

Соңғы жазбалар

Алматы маңында жер сілкініп, смартфондарға ескерту келді

21 Қыркүйек, 2025

«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысына Испания клубтары қызығушылық танытты

21 Қыркүйек, 2025

Алматыда кәмелетке жаңа толған қызды такси жүргізушісі зорлап кеткен

21 Қыркүйек, 2025

Астанадағы жәрмеңкеде Абай мен Атыраудан әкелген 400 тонна өнім сатылады

21 Қыркүйек, 2025

«Төсекте онша емессің»: Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-әйелі күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындап, күллі Ресейді шулатты

21 Қыркүйек, 2025

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

21 Қыркүйек, 2025

Мұнай компаниясында Ресей тыңшысы жұмыс істеген болуы мүмкін

21 Қыркүйек, 2025

Инфляция? Қазақстанда жыл басынан бері сиыр еті 25% өсіп, 6 мың теңгеге жетті

21 Қыркүйек, 2025

«Бір-бір көлік мінгіземін»: Тұрсынғали Алагөзов футболшыларға уәде берді

20 Қыркүйек, 2025

НАТО елдері Эстония әуе кеңістігін Ресей ұшақтарының бұзғанына жауап қатты

20 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.