Тұркістан өңірінде тұратын Амангелді Имановтың шөбересі атом электр станциясы құрылысын салуға қатысты өз пікірі білдірді. Ол Жетісай ауданына қарасты Ж.Ералиев ауылдық округі Бәйтерек елді мекенінің тұрғыны, ұлт-азаттық көтерілісінің сардары, батыр Амангелді Имановтың шөбересі Ғалымжан Нұрахов та бүгінгі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ал батырдың немересі Рысбай Рахымбаев 10 перзентінен бүгінде 50-ден астам немере сүйіп отыр. Бүгінгі өтіп жатқан референдумда батырдың ұрпақтары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
«Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие» -дейді батырдың шөбересі Ғалымжан Нұрахов.
Аманкелді Үдербайұлы Иманов — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы орын алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.
Аманкелді кедей қазақ отбасында дүниеге келген, ауыл молдасынан білім алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы.
Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 — 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруге құқылы. Өңірде 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі жұмыс істейді. Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде. Сондай-ақ 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істеп тұр.