Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

4 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер
  • АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды
  • Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр
  • Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді
  • «Қызықтың көкесі соңына қарай екен»: Танымал журналист Тұрсынбектің экс-әйелін аямай сынап тастады
  • Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды
  • Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде
  • Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Әсет Бейсеуов, Смағұл Елубай оқыған: депутат Қасқарауов парламентте Алматыдағы оқушылардың мүшкіл халін көтерді

Әсет Бейсеуов, Смағұл Елубай оқыған: депутат Қасқарауов парламентте Алматыдағы оқушылардың мүшкіл халін көтерді

26 февраля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматының қақ ортасында орналасқан мектеп-интернаттың оқушылары спорт залда ұйықтап, сабақ оқитын сыныпта тамақ ішіп жүр. Осылай деген Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов оқу ошағының адам төзгісіз жағдайын айтып, Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.

«Елдің болашағы тікелей білім саласының сапасына тәуелді. Оның негізі орта мектептерде қаланатыны анық. Осыған орай, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына тұрақты назар аударып, озық ойлы ұлт болудың маңызды шарты орта білімнің сапасын арттыруда екенін ұдайы айтады. Бұл ретте, Алматыда орналасқан, жарты ғасыр тарихы бар Ибрагим Нүсіпбаев атындағы №4 мектеп-интернаттың орны ерекше. Ол Алматы қаласындағы алғашқы қазақ мектебі деуге болады. Білім ошағы малшылардың дарынды ұл-қыздарының, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан және жетім балалардың үлкен қалада сапалы білім алуы үшін арнайы салынған болатын», — деді ол.

Білім ошағы Алматы қаласында орналасқанымен, Алматы облысына қарайды.

«Осынау байырғы мектеп қабырғасынан елімізге белгілі көптеген тұлғалар шыққан. Олардың қатарында белгілі жазушы Смағұл Елубай, әйгілі композитор Әсет Бейсеуов, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпанов сынды елге еңбегі сіңген, әр саланың майталманына айналған бірегей қайраткерлер бар. Өзім де осы мектептен білім алып, қалыптастым. Дегенмен, еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматының қақ ортасында орналасқан бұл білім ордасының қазіргі жағдайы өте мүшкіл. Мектеп жиырма жылдан астам жөндеу көрмей әбден тозығы жеткен. Жалпы 350 оқушыға арналған мектепте бүгінде оқушы саны екі есеге қысқартылып, 176 бала білім алып жатыр. Алайда олар спорт залда ұйықтап, оқу сыныбында тамақ ішуге мәжбүр», — деді депутат.

Оның айтуынша, мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін үш жыл бұрын бюджеттен 503 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын «ГрадСтройСервис» ЖШС ұтып алған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары төрт айдың ішінде аяқталуы тиіс еді. Бірақ жауапсыз мердігер өз міндеттерін сол күйі орындамаған.

«Сонда осыған жауапты құзырлы мекемелер қайда қарап отырған деген заңды сауал туындайды?! ХХІ ғасырда, Алматы қаласының дәл ортасындағы мектепте оқушылардың осындай адамтөзгісіз жағдайға түсірілгенін қалай түсінуге болады?! Қазіргі уақытта осы білім ордасын Алматыдан Қонаев қаласына көшіру мәселесі көтеріліп жатыр екен. Бірақ бұл шешімге осы білім ошағының түлектері, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары алаңдап, көшіруге түбегейлі қарсы болып отыр. Ол өте орынды. Өйткені бұл шалғай ауылдардан келген қарапайым еңбек адамдарының балаларын үлкен қалада, зиялы қауымның ортасында білім алып, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына жол ашатын мүмкіндіктен айыру болмақ», — деді депутат.

Данияр Қасқарауов тарихы терең, өзіндік дәстүрі бар оқу ордасын жылы орнынан қозғамай, күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи оқу құралдарымен жабдықтап, жетілдіре түсу керек деп санайды.

«Бұл жерде халықты Алматының ортасында орналасқан мектептің жерін алып қоя ма деген күмән алаңдатып отыр. Себебі осыған дейін Алматы қаласындағы № 2 мектеп-интернаттың жері алынып, орнына зәулім тұрғын үйлер салынғанын бәріміз білеміз. Бұл оқу ордасы да соның күйін кешкелі отыр. Сондықтан бұған жол беруге болмайды деп есептейміз», — деді ол.

Депутат Үкімет қабылдауы тиіс бірнеше шараны атап өтті:

«Біріншіден, мемлекеттің миллиондарын желге ұшырып, қаншама баланы сарсаңға түсірген, мектепті қирандыға айналдырған компания басшыларын, басқа да жауапты мекемелерді жан-жақты тексеріп, тиісті жауапқа тарту қажет.

Екіншіден, тез арада аталған мектепті толық күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа оқу жылына пайдалануға беру керек.

Үшіншіден, мектепті басқа жерге көшіру бойынша бастамаларға түбегейлі тыйым салу қажет», — деп сөзін түйіндеді ол.

Фото: parlam.kz

Оқылып жатыр

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

Соңғы жазбалар

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

4 Қараша, 2025

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын тексерді

4 Қараша, 2025

«Қызықтың көкесі соңына қарай екен»: Танымал журналист Тұрсынбектің экс-әйелін аямай сынап тастады

4 Қараша, 2025

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарының 94,7 пайызы аяқталды

4 Қараша, 2025

Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде

4 Қараша, 2025

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

4 Қараша, 2025

«Шикі кодекс – бизнеске соққы»: Адвокат Тоқаевтан жаңа Салық кодексін тоқтатуды сұрады

4 Қараша, 2025

Алматыда Баум тоғайын көріктендірудің маңыздылығы түсіндірілді

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.