Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: коллаж Ulysmedia

Американың Путин билігіне қысым жасауы жаңа деңгейде жүріп жатыр. АҚШ пен НАТО басшылары Украинаға «Tomahawk» зымырандарын беру жайлы сөз қозғауы әлем саясаткерлерінің қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бірі Украина осы арқылы жауларын жеңеді десе, енді бірі бұл қақтығысты ушықтырады деп санайды. Зымыран Еуразия кеңістігін атқыласа, ол Украинаға расымен жеңіс әкеле ме? Әбден ашулы Украина әскері Мәскеуді ғана Американың зымырандармен соққының астына ала ма? Алыс қашықтыққа ұшатын жойғыш зымырандар Қазақстанға қаншалықты жақын жарылуы мүмкін?  Саяси шиеленістің жаңа жағдайына Todayinfo агенттігінің тілшісі шолу жасап көрді. 

Сананы тұмшалар саяси сұрақтарға сарапшылар пікір білдірді.«Tomahawk» зымырандарын АҚШ өздерінің жақтасы Украинаға беру туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.

«АҚШ шешімді қабылдау стадиясында және АҚШ билігі ол қаруды бергеннің өзінде Украина Мәскеуге соққы жасамайды. Себебі, бұл қақтығысты ушықтырады да, қос тараптың қақтығысын күшейтеді. Одан бөлек америка қаруды бергеннің өзінде, оның қолдану аясына қосымша нұсқау береді. Яғни, мына зымырандарды бергеннің өзінде Украинаға атқылауға болатын және атқылауға болмайтын нысандарды нақты көрсетеді. Атуға болмайтын нысандардың ішінде Мәскеудің болатыны анық. Себебі, АҚШ бұл қару соғысты реттеуге емес, керісінше жағдайды ушықтыруы ықтимал деп санайды. Сол себепті, алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарға батыс тарапынан тиым салынады», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Оның сыртында бұл зымыранды Украина өз бетінше қолдана алмайды, сөзсіз жеткізуші тераптың техникалық қолдауы да керек. Әрі аса сақ батыстық барлаушылар мен нұсқаушылардың бақылауында болады. Қазіргі уақытта «Tomahawk»  зымырандары кемелер мен сүңгуір қайықтар арқылы тасымалданады.

«Бірақ Украинаға құрлық үсті арқылы атқыланатын типтері берілуі ықтимал. Оның саны америкада төрт мыңға жуық, ал АҚШ оның аз мөлшерін бергенмен, бұл қару майдан даласының толық өзгеруіне бетбұрыс жасауы екіталай. Алайда, Ресей аумағында орналасқан әскери өндіріс кешендерін соққылауға жеткілікті болуы мүмкін. Соның ішінде Татарстанда орналасқан «Шаһид»  дрондарын құрастырушы экономикалық аймаққа соққы жасалалы. Бұл Украина үшін маңызды нысанның бірі саналады. Аталған дрондар Украина әуе қорғаныс жүйесіне өте үлкен салмақ салуда. Қарудың санына байланысты Украина мұнай тасымалдаушы Ресейдің порттарына, әскери өндіріс кешендеріне шабуыл жасай бастауы ықтимал. Дегенмен Америка соғыс даласында толық өзгеріс жасайтындай зымыран қаруларын бермейді. Бұл тек Ресейді келіссөзге отырғызуға қарастырылған әдістің бірі деп санау керек. Украина алыс қашықтыққа соққы жасайтын қаруларын жасауға өздері де мүдделі», — деді саясаткер. 

Бұл жағдайға алдымен әдеттегідей  Лукашенко байбалам салып, Украинаға АҚШ-тың қару беруіне шүйліккен еді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаға америкалық «Tomahawk» зымырандарын беру мәселесіне қатысты қатқыл мәлімдеме жасап үлгерді. Путиншіл президент мұндай қадамның әлемдік деңгейдегі ядролық қақтығысқа себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Ешқандай да Tomahawk-ты беруге болмайды. Бұл жағдайды ушықтырып, арты ядролық соғысқа ұласады. Мұны Дональд Трамп жақсы түсінеді деп ойлаймын. Ал Зеленский оны алып Ресейдің аумағын атқыламақ», — деді Лукашенко.

Егер зымыран беріле қалғанның өзінде оның жеткізілуі мен қолдану уақыты жуық арада іске аса қоймайды. Украина тақырыбын жиі талқылаушы тағы бір саясаткердің сөзінше, Американың мәлімдемесі Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне «тарту» болды. Ол жуырда  73-ке толды. 

«Ресей билігін экс-президент Борис Ельциннен мұраға алған Путин (1999 жыл) содан бері тізгінді ешкімге берген жоқ. 2008-2012 жылдар аралығында президенттік креслоны досы Дмитрий Медведевке уақытша тапсырғанымен, іс жүзінде билікті уысынан шығарған жоқ. Өзі Ресей Үкіметін тізгіндеді. Путин-Медведев тандемі кезінде жаһандық саясатқа «премьерзидент» деген бейресми термин сол кезде енген.

Дәл кеше АҚШ президенті Трамптың «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру туралы сөз қозғауы – Путиннің туған күніне керемет сыйлық болды»,  — деді Нұргелді Әбдіғани. 

Трамп Украинаға «Tomahawk» зымыранын беру туралы шешім алдында тұрғанын. Алдымен ол зымыранды қолдану бойынша Украинаға қоятын сұрақтары бар екенін, қақтығысты ушықтырғысы келмейтінін айтты. Ал ISW (Соғысты зерттеу иниституты  — ред) Украинаға «Tomahawk» берілетін болса, Ресейдің 2 мың нысанына қатер төнетінін санап үлгерген еді. Бұл жағдай жер жаһанды тағы да қанға бөктіреді. 

«ISW сарапшылары «Tomahawk» зымыранының жою радиусына Ресейдегі 2 мыңға жуық әскери-өндірістік нысан кіретінін, соның ішінде «Шаһед» соққылаушы дрондарын жасап шығаратын Алабұғадағы (Татарстан) зауыт пен Энгельстегі бомбалаушы ұшақтар тұрған стратегиялық әуе базасы да кіретінін айтады.

«Tomahawk» зымыранының 1600 шақырымға жететін нұсқасы – Ресейдегі 1655 нысанға қауіп төндіреді. Ал 2500 шақырымға жететін түрі – Ресейдегі 1945 әскери өндірістік нысанға шекелей қауіп төндіреді»,  — деді ол.

Зымыран беріле қалған жағдайда, оның жарылу радиусы Татарстан аумағы болмақ. Ал ол қазақ елінен алыс емес. Дегенмен бұндай болжамның іске асуы неғайбыл. 

Держава деңгейіндегі Америка қандай қарудың түрін берсе де текетірес тоқтмайды, соғыс созыла береді. Батыс қанша қару жібергенмен әскери қару—жарақ қоры мен солдаты көп Путин билігі құрбандардың көбейгеніне қарамастан соғыстан бас тартпайды. Соғысты тоқтату тек бейбіт келісімге келумен ғана іске аспақ.

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025

«Тойымсыз шенеунік, тозған тұрғындар»: Қарасай ауданында сібір жарасы көмілген жерлер халыққа сатылған

14 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.