Әуезов ауданында бұрын жарық желілері мен тіректері мүлдем болмаған 81 аумақта сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату бойынша ауқымды жоба аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Абзал Егембердиев хабарлады, деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл жобаны іске асыру тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, жайлы жағдай жасау үшін қолға алынған маңызды қадам болды. Көп жылдан бері қараңғы болып келген аулалар мен көшелерге алғаш рет жарық беріліп, ауданның кешкі уақыттағы келбеті едәуір өзгерген.

Жұмысты мердігер ұйым — «RKR Group and Co» ЖШС атқарды. Барлығы қуат үнемдейтін 828 шам орнатылды, оның 507-і көше шамы, 321-і торшерлік шам. Жаңа желінің ұзындығы 15 шақырымнан асып түсті.
Аудан әкімінің айтуынша, қазір жұмыстың көбі бітіп, мердігер ұйым ұсақ кемшіліктерді жойып, жабдықтардың жұмыс істеуін тексеріп жатыр.
Үлкен көшелердің жарықтандырылуына ерекше назар аударылды, себебі жаяу жүргіншілер жолының кей бөліктерінде әлі де жарық жеткіліксіздеу болып тұр. Сайын, Абай, Момышұлы, Төле би, Жандосов пен Райымбек даңғылы ол. Бұлар түгел жарықтандырылады, жұмыстар қалалық Қоғамдық кеңістіктердідамыту басқармасының «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асыратын жобалары аясында жүргізілмек.
«Аталған көшелерде 203 шамы бар кронштейн орнатылды, бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігінқамтамасыз етуге мүмкіндік берді», — деді ол.
Осы шаруалардың арқасында аудан жарық әрі қауіпсіз бола түскен.

