Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды

14 Қараша, 2025

ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті

14 Қараша, 2025

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

14 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды
  • ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті
  • Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады
  • Ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды
  • Назарбаевтың үйіне ұры түскен
  • Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?
  • «Қауіпсіз қоғам»: Атырауда киберқауіпсіздік бағытында құқықтық дәріс өтті
  • Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сенбі, 15 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

Әз Жәнібек ханға арнап жазылған жаңа тарихи қолжазба табылды

14 Қараша, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Өмірбек Қанайдың FB парақасынан 

Ғылым саласында еңбектеніп жүрген тарихшы, аудармашы, жас ғалым Өмірбек Қанай Жошы ұлысының даңқты билеушісі Әз Жәнібек ханға (?-1357) арналған бұрын белгісіз болып келген тағы бір құнды қолжазбаны анықтағаны жөнінде хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат порталы.

Ғалымның айтуынша, бұл еңбек медицина тақырыбына арналған және Жошы ұлысы аумағында жазылған. Қазірге дейін оның Англия мен Иранда сақталған екі нұсқасы табылып, толық электронды көшірмелері алынған.

Англиядағы нұсқа бойынша, шамамен 1345–1349 жылдары жазылған. Барлығы 464 беттен тұрады.Алғашқы бетінде еңбек «Хақан бин әл-хақан, Сұлтан Махмұд Жәләл-әд-дүния уә-әддин Жәнібек ханға» арналғаны көрсетілген. Онда Әз Жәнібек хан «жомарттық пен ізгіліктің жаршысы, білім мен ғалымдардың қамқоршысы, құдайдың жердегі көлеңкесі» деп сипатталады.

Ирандағы нұсқа бойынша XVII ғасырда қысқартылып көшірілген. Көлемі 144 бет. Екінші бетінде еңбектің Әз Жәнібек ханға арналуы қайта жазылған.

Тарихшының айтуынша, қолжазба ежелгі грек дәрігері Гиппократтың еңбегіне жасалған түсіндірме (шарх) болып табылады. Бұл – Жошы ұлысында ортағасырлық классикалық ғылымның кең таралғанын және медицина саласының жоғары деңгейде болғанын дәлелдейтін маңызды дерек.

Еңбектің жазылу мерзімі 1346–1353 жылдардағы Орталық Азиядан Еуропаға дейін жайылған оба індетімен тұспа-тұс келуі де ерекше назар аударарлық жайт. Бұл дерек індет кезеңіндегі медициналық білімді зерттеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өмірбек Қанайдың айтуынша, Әз Жәнібек ханға арналған қолжазбалар саны қазір 9-ға жеткен. Солардың 189 көшірме нұсқасы жинақталған.

Қолжазбалардың ең құнды екі нұсқасы факсимилді басылым ретінде жарық көрді, ал тағы бір нұсқаның аудармасы толық аяқталып, баспаға дайындалуда. Жақын уақытта ғылыми ортаға ұсынылатын болады.

жазба жаңалық Тарих Әз Жәнібек хан

Оқылып жатыр

ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

Ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды

Назарбаевтың үйіне ұры түскен

Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?

Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

Соңғы жазбалар

«Жылы мұң»: Қазақстанда жасанды интеллект қолданылған алғашқы қойылым сахналанды

14 Қараша, 2025

ЮНЕСКО 22 қыркүйекті Халықаралық Көшпенділер мұрасы күні деп бекітті

14 Қараша, 2025

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қанша күн демалады

14 Қараша, 2025

Ақын Күләш Ахметова 79 жасында өмірден озды

14 Қараша, 2025

Назарбаевтың үйіне ұры түскен

14 Қараша, 2025

Дипломатия 2.0: Қазақстанның жаңа стратегиясы қалай жұмыс істейді?

14 Қараша, 2025

«Қауіпсіз қоғам»: Атырауда киберқауіпсіздік бағытында құқықтық дәріс өтті

14 Қараша, 2025

Тоқаев пен Мирзиёев «Ташкент-Хумо» әуежайында әңгімелесті

14 Қараша, 2025

«Сұмдық қылмыс болған»: әнші Индира Елеместің күйеуі Арман Дүйсеновтың отбасын ойрандаған

14 Қараша, 2025

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

14 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.