Фото: видео скриншот
Ақтөбеде көмірқышқыл газынан көз жұмған зейнеткер мен оның футболшы болған 15 жастағы немересі туралы спорт басқармасы айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жағдай екі қабатты коттеджде орын алған. Әжесі, ұлы мен 15 жастағы Арон Мұса өмір сүру белгілерінсіз табылған. Тергеушілер қазіргі таңда улану себебін анықтауда.
«Бір отбасының үш мүшесінің қаза табуына байланысты тергеу басталды. Газ жабдықтарына техникалық сараптама жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталуда”, – Ақтөбе облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нариман Мұхтаров.
Отбасы бұл жағдайдан қатты соққы алған. Ал Аронның қандай бала болғанын жаттықтырушылары мен командаластары айтып берді. Ол жай ғана дарынды ойыншы емес еді. Арон команданың капитаны, сенім артқан жетекшісі болған. Арон – алты баланың тұңғышы. Атасы қайтыс болған соң, әжесіне көмектесу үшін сол үйге көшіп келген. Футбол оның тек қызығушылығы емес, өмірінің мәні, арманы болған.
«2022 жылдан бастап қарқынды дамып келе жатты. Өз жасындағы командаға капитан болып тағайындалды. Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына кандидат болған. Біз оны QJ лигасына ауыстырдық, негізгі құрамда ойнай бастады. Өте перспективалы жігіт еді», – деді «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы Санат Шалекенов.