Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!
  • «Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды
  • Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі
  • «Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ
  • Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ағымдағы жылдың соңына қарай Жетісу облысында газдандыру деңгейі 71,4% жетеді

19 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Жеңіс Ысқабай, облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен.

Жетісу облысында қазіргі кезде газдандыру деңгейі 56,5% құрайды, яғни 63 елді мекен газдандырылды. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша тағы 63 жобаны іске асырудың арқасында газдандыру деңгейі 71,4% жетеді. Осылайша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекен газға қол жеткізеді, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс қайта құрылған кезде 5 елді мекенге ғана газ жеткізілген, яғни газдандыру көрсеткіші 29 % болған. Биыл газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 63-ке жетіп, тұрғындарды газдандыру көрсеткіш 56,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жылдың соңына дейін тағы 63 елді мекен газға қосылады, соның ішінде 45 жобаның жұмыстары қазір жүріп жатыр, 18-інің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Осы аталған жобалар іске асырылғаннан кейін биылғы жылдың қорытындысы бойынша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекенге газ жеткізіп, халықты газдандыру деңгейі 71,4 % болады. Оған қоса «Талдықорған – Үшарал» бағытындағы газ құбырының құрылысын былтыр бастадық. Ол биылғы жылдың соңына дейін бітеді. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекенін газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Магистраль құрылысы біткеннен кейін газ тарту жұмыстарына кіріседі. Соның нәтижесінде 192 елді мекен газдандырылып, облыстың 624 мыңнан астам тұрғыны немесе халықтың 91 пайызы газға қол жеткізеді», — деді Б. Исабаев.

Ал газ құнын қостыруға қатысты мәселенің өңір басшысы осыдан бір жарым жыл бұрын қолға алынғанын айтты. Газ қосу құнының жоғарылығының себебін зерделеп қарағанда, газ қосу нарығында 1-2 компания монополист болып отырғаны байқалған. Дегенмен қабылданған шаралардың арқасында бәсекелестік ортаны дамыту арқылы газ қостыру құнын қазандық пен қажетті жиынтықтарды қоспағанда 170-175 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды (газ құбырының ұзындығы 25 метрге дейін). Оған қоса, бір жарым жылдың ішінде 1600 газ қазандығын сатып алуға 500 миллион теңге бөлінді, тұрғындарға қазандықтың төлемін 10 айға дейін бөліп төлеуге жеңілдікті жағдай жасалып отыр.

2025 газ Жетісу

Оқылып жатыр

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

Соңғы жазбалар

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

15 Қазан, 2025

Айбар Олжай: Қазір кредиттің емес, депозиттің заманы келді

15 Қазан, 2025

Тұман, дауыл, үсік: Еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа-райы сақталады

15 Қазан, 2025

«Тоқаевтың тапсырмасын пайдаланған депутат миллиардер атанды»: ШҚО көпір салған компания басшысы қыруар ақшаға қалай кенелді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.