AITAS Холдингі миноритарлық акционерлер «BAITEREK VENTURE FUND» және AOM Rail B.V. компанияларынан акцияларды кері сатып алу процесін аяқтады,деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл мәміле 2019 жылы бес жыл мерзімге жасалған опциондық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылып, инвесторларға әділ кірістілік қамтамасыз етілді. Бұл қадам инвестициялық циклді аяқтап, Холдингтің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталды.
2025 жылғы 12 ақпанда жалпы көлемі 14,34% акциялар 18,9 млрд теңгеге кері сатып алынды;
Опциондық келісімдердегі шарттар мен мерзімдерге сәйкес мәміле сәтті аяқталды;
AITAS Холдингі өз міндеттемелерін толық әрі уақытылы орындап, корпоративтік жауапкершілік пен адалдығын көрсетті.
«Бұл серіктестік – табысты әріптестіктің үлгісі. Бірлескен жұмыс нәтижесінде аграрлық секторға жалпы 320 млн доллар көлемінде инвестиция тартылды», – деді AITAS Холдингінің негізін қалаушы Серік Толықпаев.
Серіктестік ҚР Даму Банкі, Халық Банкі және ForteBank қатысуымен қолайлы шарттарда қарыз капиталының тартылуына ықпал етті. Нәтижесінде, Холдинг:
- Құс етін өндіру көлемін жылына 30 мың тоннадан 150 мың тоннаға дейін бес есеге арттырды;
- Инкубациялық жұмыртқа өндірісін 15 млн-нан 85 млн данаға дейін көбейтті;
2018 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі «Макинская құс фабрикасын» іске қосты. Қазіргі қуаты жылына 90 мың тонна ет өндіруге жетті.
«Өскемен құс фабрикасын» жаңғыртып, оның қуатын 30 мыңнан 60 мың тоннаға дейін арттырды;
«Nauryz Agro ltd» компаниясын сатып алып, Алматы облысындағы асыл тұқымды құс репродукторын кеңейтті.
2024 жылы AITAS Холдингінің елдегі құс еті өндірісіндегі үлесі – 39%, ал жалпы тұтыну көлемінде – 26% құрады.
«Біз серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз. Олар келісімдерде жоспарланған кірістілікпен сәтті шықты. Бұл жоба – отандық жобаның қазақстандық қаржы институттарымен тиімді жұмыс істей алатынын көрсететін нақты мысал», – деп атап өтті Серік Толықпаев.
Жоба аясында 2500 орын ашылған.
«Бұл жоба өндірістік қуатты арттыруға, 2500-ден астам жұмыс орнын құруға және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік берді. QIC-тің басты мақсаты – елдің шикізаттық емес секторларын дамыту. Бұл жағдай QIC-тің алдағы уақытта да отандық кәсіпкерлермен табысты серіктестік орнатуына жақсы үлгі болады», – деді «Qazaqstan Investment Corporation» басқарма төрағасы Ерболат Жолат.