Фото:gov.kz
Алматыда Антикор сыбайлас жемқорлық ісі бойынша колонияның бұрынғы бастығын қамауға алды. Өзі де зынданнан бірақ шыққан полковник қызметтік кабинетінде ұсталған, деп хабарлайды Todayinfo.
Ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қызметтік кабинетінде ұстаған.
“Ол Алматы бойынша ҚАЖД-ның №13 ең төменгі қауіпсіздік мекемесінің басшысы қызметін атқарады”, – делінген хабарламада.
Полковник шеніне дейін көтерілген түрме бастығына қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.