Фото: Асхат Аймағамбетовтің faceebok парақшасынан
Мәжілістиегі үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесін сынап тастады, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
«Сөзімді салыстырмалы аллегориядан бастасам деймін. Өзенде жүзіп келе жатқан қайықты елестетіңіздер. Қайықтың түбі тесіліп, оған су жинала береді. Су тоқтар емес, ал қайықшы бұл тесікті жамаудың орнына қолына шелек алып, суды сыртқа төгумен әлек. Әрине, бұдан ештеңе өзгермейді. Су әрі қарай жинала береді, қайық бата береді. Мінә, дәл осындай жағдай қазір МӘМС жүйесінде орын алып отыр. Мәселенің негізгі себебін жоюдың орнына тек салдарымен күрес жүріп жатыр. Жүйелі рефомалар орнына уақытша шаралар қабылданып жатыр. Бастысы – стратегиялық көзқарас жетіспейді», — дейді Асхат Аймағамбетов.