Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан мен қызы Айдана Алматыда жүзге жуық адамға ауызашар ұйымдастырды,деп хабарлайды Todayinfo.
Ақын бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Кеше менің балапандарым Алматыда 100 адамға ауызашар берді! Азамат болды деген осы… Алла сауаптан жазсын», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Желі қолданушылары бұл игі бастаманы жылы қабылдап, ізгі тілектерін білдірді.