Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?
  • «Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Айс Мұратоваға алднаған қазақстандықтар алаяқтың туыстарының да жазалануын талап етіп отыр

10 Қыркүйек, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Айс Мұратова есімді келіншекке алданып, ақшасынан айырылған халық алаяқтың ақшаны өзіне ғана емес, туыстарына да аударғанын айтады. Жәбірленушілер алаяқтықпен келген ақша мен қымбат мүліктердің тәркіленіп, ақшаларын қайтаруын талап етіп отыр.

Фото: Видеодан скрин

Алаяққа алданған мыңға жуық жәбірленуші Қытайдан арзанға тауар алып, кәсібін дөңгелетеміз деп ойлаған.

“Бағасы тиын болды. Мысалы, бізде 11 мыңдық шәйнектер мың жарым теңге, мың теңге болып шығатын. Қасықтары 700-800-1000 теңгеден асып кетсе, солай боп шығатын. Ауру болдық, ішіміздегі баламыз түсті, өз-өзімізге қол жұмсаған күн де болды. Қан қысымым жиі көтеріледі. Қатты шаршадым”, – дейді Тараз тұрғыны Гүлнәз Мәлікова.

Жәбірленушілер Айс Мұратоваға көзсіз сенбеген. Айтуынша, алаяқ бастапқыда тауар жіберіп тұрған. Осылайша, сұраныс артқан. Олар тіпті, көтерме саудамен айналысқысы келетін өзге адамдардан онлайн тапсырыс жинаған. Ақшаны жинап алған соң алаяқтар халықты сан соқтырған.

“Жан-жақтан жеп жатыр. Ақшамызды қайтар, біз Айсты танымаймыз, біз саған салдық, сен ақшаны қайтар бізге, қалай болса да тауып бер, қай кезде бересің, күнде жазады, күнде телефон соғады, тыныштық жоқ”, – дейді ашынған алматылық тұрғын.

Ақшасын қайтара алмай жүрген халық “Айс Мұратова” деген лақап атпен танымал Арайлым Қожамұратованың жақындары мен туыстары да жазалансын деп отыр.

“Өзімде мың адам бар. Мың адаминан тапсырыс алып, Айсқа 100 миллионның үстінде тауарға ақша өткіздім. Ақшаны тек өзі емес, бүтін тума-туысқаны, інілеріне жіберткізді. Бәрі Гелендваген, неше түрлі қымбат-қымбат, 60 миллион, 130 миллионның көлігін айдап жүр. Әр інісіне, анасына үй сатып алып берген”, – дейді Орал тұрғыны Марина Ғапсаттарова.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Былтыр тамыз айында оған қатысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанына бір жылдай уақыт болды.

“Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚК 190-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аса ірі көлемде, алаяқтық дерегі бойынша. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдіктіге алданған халық Алматы прокурорының орынбасары қабылдауында болып, талап-арыздарын айтты. Прокурор алаяқтыққа қатысы бар адамдардың бір жазаланады деп уәде берді.

Айта кетейік, «Кәсібімді жауып, 52 миллион теңге салдым» деп Айс Мұратова есімді келіншекке алданған бір топ қазақстандық заңгермен бірге полиция департаментіне жиналған еді.

 

Айс алаяқтың алднаған да етіп жазалануын Мұратоваға отыр талап туыстарының Қазақстандықтар

Оқылып жатыр

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

Соңғы жазбалар

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

15 Қазан, 2025

«Жұмысшылар есірткіге мас күйінде болған»: Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде 17 жастағы бозбала көз жұмды

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.