Боксшы Сәкен Бибосынов әлеуметтік желідедегі парақшасында «Мырзағали Айтжановтың соңынан менеде құрамадан кетемін» деген сөзін жоққа шығарды.
Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Ол сөз жалған. Мен боксты қойған жоқпын, — дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов бастаған бокс бапкерлері түгел орындарын босатқанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: Халық үні